2018 жылдың 11 наурызында Аягөз ауданы әкімінің № 1-47-ө өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. 3 автокөлік, 5 жаяу жүргінші өткелі, 20 ға жуық тұрғын үйді еріген қар мен жауын шашын суы басып қалды. Қазіргі таңда, су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, 400 адам, оның ішінде – 30 бала Аягөз қаласының қазақ мектеп лицейіне, №6 орта мектеп интернатына және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелерінің қызметкерлері  және тұрғындар арасынан еріктілер, барлығы 200-ден астам адам,11 арнайытехника, 20автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, қаза болғандар жоқ.