«Аналар өмір шуағы» атты мерекелік кеш өткізілді

2018 жылдың 6 наурызында «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында 8 наурыз – Халықаралық әйелдері күні мерекесіне орай, «Аналар өмір шуағы» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға мектеп-гимназияның 6-8 сынып оқушылары, ұстаздары қатысты. «Ана» - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.

 Мерекелік кеш аналардың қадірін түсіндіру, сыйлау мақсатында өткізілді. Оқушылар «Ана» тақырыбында өлеңдер оқып, ән шырқады. «Қазақ биі», «Токата и фуга» және т.б замануи билерді биледі.