№ 7 орта мектбінде өткен «Үздік взвод – үздік взвод командирі» атты әскери – патриоттық сайыс

Патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 8 ақпан күні № 7 орта мектебінде Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанының 29 жылдығына арналған «Үздік взвод – үздік взвод командирі» атты әскери – патриоттық сайыс өткізілді.
Сайысқа Ауған соғысының ардагерлері, қонақтар шақырылды: Қызыл жұлдыз иегері Арқабаев Айден Қыдырманович,әскери полиция бастығы майор Байжанов Айқын Сайлауханович, орынбасары әділет майоры Қасенов Әсет Болатханович, қорғаныстар істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің инспекторы Салибаева Виктория Владимировна.
Қонақтар төрешілер қызметін атқарды. Салтанатты ашылуында Мемлекеттік гимн ойналды. 10 а класының оқушысы Омарбекова Қымбат Ауған соғысы туралы баяндама оқыды. Бір минуттық үнсіздік жаряланды. Мектептің «Жас барлаушылар» атты клубының курсанттары ережесіз жекпе – жектің көріністерін көрсетіп, көрермендердің көңіл – күйін көтеріп қойды.
11 «А» класс оқушысы Қабимолаева Ақбота мен 10 «Б» класс оқушысы Ғани Карима патриоттық ән шырқады.
Сайыста 10 класс оқушылары өнер көрсетті. Құрамдарында 6 оқушы (4 ер,2 қыз) болған командалар теориялық, практикалық білімдерін паш етті.
Сайысқа келетін болсақ:
1. Саптық жаттығулар
2. АК- 74 автоматын шашып, жинау
3. Газтұмылдырық кию
4. Қарумен саптық жаттығулар
5. Оқжатарды шашып, жинау
6. ОЗК кию
7. Топографиялық карта сызу
8. Медициналық сайыс
9. Жалаушамен сигнализация көрсету
10. Жаға тігу
11. Арқан тарту
Оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, әсери дайындықтарының жоғарғы дәрежеде екендіктерін көрсете білді. Мектептің АӘД жетекшісі Қ. Токтагулов патриоттық тәрбие беруде қажымай еңбек етуде.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды 1 взвод (10 «А») класы, ІІ орынды
2 взвод ( 10 «Б») класы иеленды. «Ең үздік взвод командирі» номинациясын 10 а класс оқушысы Омарбекова Қымбат жеңіп алды.