Уәйіс мұрасы

2017 жылдың 8 ақпанында «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Абайтану, қазақ әдебиеті, өлкетану пәндерін музейде өткізу жобасы бойынша, Уәйіс Шондыбайұлының туғанына 145 жыл толуына орай, «Уәйіс мұрасы» атты еске алу кеші өткізілді. Абайдың ақын шәкірті, әнші, сазгер У.Шондыбайұлы 1873 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының 12-ші ауылында, Жылтыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Керей. У.Шондыбайұлының «Тәуке-Жікібай» атты дастаны, «Перуайым», «Шұбартау», «Бозқараған», «Ақбөкен», «Шыңғыстау» тағы басқа әндері халық арасына кең тараған. У.Шондыбайұлы 1925 жылы қайтыс болған, зираты қазіргі Абай ауданына қарасты Ши дейтін қорықтың бойына қойылған. Еске алу кешіне № 4 орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары мен қазақ әдебиеті, тарих пәндерінің ұстаздары қатысты. Оқушылар ән шырқап, би билеп музейдің экспозициялық бөлімдерін қызыға тамашалады.