2004 – 2005 ж.т оқушылар арасындағы волейбол жарысы

2018 жылдың 3 – 4 ақпан аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және білім бөлімінің ұйымдастыруларымен 2004 – 2005 ж.т. ұлдар,қыздар арасында аудандық волейбол жарысы өткізілді.
Ұлдар балалар – жасөспірімдер спорт мектебі мен Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінде, қыздар мектеп гимназия, мектеп – лицейдің спорт залдарында бақтарын сынасты. Ұлдар арасындағы жарысқа 9 команда қатысса, қыздар арасындағы жарысқа 13 команда қатысты. 176 оқушы қатысты.
Шиеліністі ойындардың нәтижесінде ұлдар арасында І орынды Т. Көбдіков атындағы орта мектебі, ІІ орынды мектеп – гимназия командасы, ІІІ орынды № 3 орта мектебінің командасы иеленсе,қыздар арасында І орынды мектеп – гимназия командасы, ІІ орынды № 5 орта мектебінің командасы,ІІІ орынды № 6 орта мектебінің командасы иеленді. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар және жақсы өнер көрсеткен оқушылар балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің кубоктарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.