Аудандық Әбіш Кекілбаев оқулары

Аягөз аудандық білім бөлімі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ҚР «Білім туралы» ҚР «Тіл туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында аудандық Әбіш Кекілбаев оқулары өткізілді.
Байқау 2018 жылы 30 қаңтарда К. Бозтаев атындағы орта мектепте өтті. Әбіш оқулары 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды..
1) Үй тапсырмасы: Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы.
2) Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу байқауы.
3) Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
4) Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы.
Нәтижесінде иллюстрациялық суреттер байқауы бойынша:
1-орын Рамазанова Айым №4 орта мектеп, 2- орын Орыншайыхова Бұлбұл Ж. Жабаев атындағы орта мектеп, 3-орын Тұрсынғазиева Айдана №3 орта мектеп оқушысы марапатталды.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу кезеңі бойынша 1-орын Сағындықова Ақбота №1 орта мектеп, 2-орын Сәрсенбаева Іңкәр №5 орта мектеп, 3-орын Мубәрәкова Толғанай Ж.Жабаев атындағы орта мектеп оқушылары иеленді.
Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба қорғау кезеңі бойынша 1-орын Рафаилова Дильназ Ж. Жабаев атындағы орта мектеп оқушысы марапатталды.
Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым кезеңі бойынша
№ 3 орта мектеп оқушылары 1-орын, №5 орта мектеп оқушылары 2-орын иеленді.
Қорытындысында 1-орын алған оқушылар облыстық Әбіш оқуларына жолдама алды.