Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы көсемі

2018 жылдың 5 қаңтарында  «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай, «Байтұрсынұлы - қазақ халқынының ұлы көсемі» атты танымдық дәріс өткізілді.

А.Байтұрсынұлы - ақын, алаш қайраткері, ағартушы-педагог, публицист. 1873 жылы Қостанай облысында дүниеге келіп, 1937 жылы 8 желтоқсанда дүниеден өтті.  Танымдық дәріске қатысқан Аягөз гарнизонының 97616 әскери бөлімінің қызметшілерінің балаларына А.Байтұрсынұлының өмір жолы туралы айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар ақын өлеңдерін оқыды. Кеш соңында музейдің экзпозициялық бөлімдеріне экскурсия жүргізілді.