Оқушылар арасындағы шахматтан командалық біріншілік

2018 жылдың 5 – 6 қаңтар аралығында аудандық мәдениет,тілдерді  дамыту, дене шынықтыру және спорт және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен №5 орта мектебінде  шахматтан оқушылар арасында  аудандық  командалық біріншілік өткізілді. Жарыстың салтанатты  ашылуы  мектептің мәжіліс залында өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері С.  Қыржыбаев, аудандық мәдениет,тілдерді  дамыту, дене  шынықтыру және спорт бөлімінің  маманы Е. Досиханов, № 5 орта  мектебінің  тәрбие ісінің  меңгерушісі Б.Мукашева жас шахматшыларды «Жаңа жыл» мерекелерімен  құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыстың  бас  төрешісі  Ф. Усманов  жарыстың  өту барысымен таныстырды. № 5 орта мектебінің жас әншілері  қатысушыларға  көтеріңкі  көңіл – күй  сыйлап әсем ән  сыйлады. 7 тур ойналды. Жарыс  қорытындысы  бойынша  І  орынды  № 3 орта  мектебінің  командасы, ІІ  орынды  Ақши  орта  мектебінің және ІІІ  орынды К. Бозтаев  атындағы  орта  мектебі  мен  № 5 орта  мектебінің  командалары бөлісті.

Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бағалы  сыйлықтарымен, мақтау  қағаздарымен  марапатталды.