«Тұңғыш  Президент күні» мейрамына арналған көрме байқауы

«Тұңғыш  Президент күні» мейрамына  арналған көрме  байқауы  2017 жылдың 28 қараша  күні «Қозы  Көрпеш Баян  Сұлу» мәдениет  үйінде аудандық білім  бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Көрмеге оқушылардың  өнер туындылары қойылды.Қазақ  халқының салт –дәстүрлерінен көріністер көрінгендей  болды.

 Бұл айшықты кезең біздің сара жол таңдап, берік берекенің белесіне беттегенімізді дәлелдеп берді.Елбасымыздың сара  жолы - барша  Қазақстан  халқының тыныштығына кепілдік!  Әрбір азаматтың баласындай бауырына басқан Отанымыздың гүлденуіне жол ашты. Халқымыздың атын 26 жылда әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді. Халқымызда «өткенін ұмытқан өшкендіктің белгісі, өткенін еске алған өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар.Міне, бұл тұрғыда осындай  шаралардың маңызы зор екендігі айтпаса да белгі.   

Көрме байқауымен  бірге қала  мектептерінің  облыс,  республика,халықаралық сайыстарда  жеткен  жетістіктері  де  көрермендер  назарына  ұсынылды.

Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер  білім  бөлімінің мақтау қағаздарымен  марапатталды.