Елбасы – ел тірегі       

2017 жылдың 30 қарашасында «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, «Елбасы – ел тірегі» -  атты мерекелік кеш өтті.

1991 жылы 1 желтоқсандағы алғашқы Қазақ ССР Президентінің жалпыхылықтық сайлауында, 98,7 % дауыспен Әбішұлы Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылдың 1 желтоқсанынан - Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келеді. Жас ұрпақты сан қырлы талант иесі Елбасының, ерекше тұлғалық келбетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен мерекелік кеш оқушылардың ән, биімен жалғасты.