Өңірлік «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» атты акциясы

2017 жылдың қараша айының 28 күні аудандық әкімдіктің кіші залында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай облыс көлемінде «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» атты өңірлік акциясы өтті.

Акция онлайн режимінде өткізілді. Жаппай диктант түрінде жүргізілген акцияға барлық аудандық мемлекеттік қызметшілер қамтамасыз етілді.

Акция мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырумен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қазақша жазу сауаттылығын жетілдіре отырып, жаппай кеңсе тілін енгізуге ықпал ету.

Акция аясында 57 мемлекеттік қызметшілер диктант жазып, сауатты жазылған диктанттың қорытындысы  98,9 пайызды көрсетті.

Ауданда өткізілетін іс – шараларға ат салысып өздерінің мемлекет алдындағы борыштарын адал атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге алғысымызды айтамыз.