«Туған жер  киесі, дархан дарын  иесі»  атты кездесу

«Рухани жаңғыру»  аясында «№5 жалпы білім беретін орта мектебінде» аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  бала жанының бағбаны, жерлес жазушы  Толымбек Әбдірайымовпен «Туған жер  киесі, дархан дарын  иесі»  атты кездесу кеші өтті. Кеш мақсаты балаларды ұлтжандылыққа, әдебиет сүйгіштікке, тіл жанашыры болуы бағытында болды. Кештің арнайы қонақтары ардагер ұстаз, құрмет орденінің иегері Гүлсімхан Төстікбайқызы,  Аягөз жаңалықтары газетінің редакторы Е.Т.Дайырбаев және ақын Қазбек Байжанов болды. Кешке аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар және бастауыш мұғалімдері оқушыларымен келді. Оқушылар автормен сұхбаттасып, өз ойларын жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.  Мектеп оқушыларынан шағын концерт қойылып, автор жайлы мәлімет айтылды.