Теңге – ұлттық табыс кепілі

2017 жылдың қараша айында  «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі»  КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында, Аягөз әскери гарнизонының 10810 әскери  бөлімі әйелдер кеңесінің мәдениет бөлімінің секторы А.Омарбекқызымен бірлескен, ҚР ұлттық валютасы – теңге күніне орай, «Теңге – ұлттық табыс кепілі» атты дәріс өткізілді.

Қазақстан теңгесі - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. ҚР Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің қызметшілерінің балаларына және Қарақол орта мектебінен қонаққа келген оқушыларға теңгенің ұлттық айналысқа енгізілуі туралы мәліметтер берілді. Слайд көрсетіліп,  ақшаның шығу тарихы туралы қызықты бейнероликтер көрсетілді.