Аружанның  жеңістері  жалғасуда

2017 жылдың 30 қазан – 7 қараша аралығында «Көпсалалы қазақ мектеп гимназиясы» КММ – нің 6 «б» сыныбының оқушысы Аружан Қаймолдина  Семей қаласында өткен шахматтан Шығыс Қазақстан облысының  Чемпионатына қатысты. Ауыз  толтырып айтатындай жетістікпен  оралды. 12  жас ерекшіліктері бойынша сынға түскен  Аружан  қарсыластарын қапы  қалтырып, 7,5 ұпай жинап, І орынды жеңіп алды. 2018 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында өтетін Республикалық Чемпионатқа жолдама  алды. Аружанға ақ жол тілейміз!!!