«С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің 150 жылдығына және  облыстық «Балалар лигасының» ІІ аудандық кезеңінің  аудандық волейбол жарысы

2017 жылдың  7 - 8  қазан аралығында 2000 – 2001 ж.т. қыздар  арасында  «С.Ғаббасов  атындағы  жалпы  білім беретін  орта  мектеп»КММ – нің 150 жылдығына арналған және «Балалар лигасының ІІ аудандық кезеңінің  волейбол жарысы аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, дене шынықтыру және  спорт  бөлімі, білім  бөлімі, балалар – жасөспірімдер спорт  мектебінің  ұйымдастыруларымен спорт  мектебінің және  С.  Ғаббасов  атындағы  орта  мектебінің спорт залдарында  өткізілді.           

Ауданымыздың 14 мектебінің командалары қатысты. Ашылу  салтанатынан  соң,  4 топқа  бөлінген   командалар  жүлделі  орындарға таласып  бақты.Командалардың  ойын  деңгейі өскені байқалып  тұрды.4 команда  жартылай ақтық  ойындарға шығып, жүлделі орындарды  сарапқа  салды. Жарыс болған соң  мықтылар  ұтатыны  белгілі.

Осы жолы да өткен жарыстың жүлдегерлері жүлделі орындарға ие  болды.

І орынды  № 7 орта  мектебінің  командасы иеленсе, ІІ орынды  мектеп – лицей командасы, ІІІ орынды мектеп –гимназия  командасы  иеленді. Жарыстың «Ең үздік  ойыншысы», «Үздік шабуылшы», «Үздік  қорғаушы», «Үздік доп  беруші» номинацияларымен үздік  ойыншылар, жүлдегер  командалардың мұғалімдері, төрешілер  және жеңіске жеткен командалар аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, дене  шынықтыру және  спорт  бөлімінің  кубоктарымен,  мақтау  қағаздарымен, С. Ғаббасов атындағы  орта  мектебінің бағалы  сыйлықтарымен   марапатталды.