1-қазан Қарттар күні-жақсылық пен сыйластық күні

Үржар ауданында халықаралық қарттар күні мейрамын тойлап өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. Бұл мейрам адамдардың ішкі дүниесінің жетілуі, ақылдығы мен даналығы деп айтуға болады.
Ұржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімшілігі, мәдениет бөлімі және ауыл әкімшіліктің қолдауымен 3 қазан күні қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның өткізілуі ең басты мақсаты, қарт адамдардың мәселесіне көмек көрсету, тұрғылықты шарттарына жәрдемдесу. Бұл сан-ғасырлардан жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша қарттарымызды ескеріп,оларға құрмет көрсету,оларға ауданға қосқан үлестері бар екенін.
Мейрам күні аудандық мәдениет үйінде барлық ауылдық округтерден келген қарттардың қатысуымен көрме – жәрмеңке ұйымдастырылды. Зейнет жасына жетіп, қайнаған еңбек өмірінен тыс қалса да, қарттарымыз өздерінің әлі де тың екенін, белсенді өмір сүріп жатқандарын көрсетіп, әртүрлі қызық нәрселерді ермек қылып, кейінгі жастарға шаруашылық жүргізудің түрлерін үйретіп келеді. Оның дәлелі жәрменкеге балықтан жасалған әртүрлі дәмдер, олардың өз қолымен жасап, дайындап әкелген, әртүрлі кулинарлық тамақтар мен сүт өнімдері, қолдан тоқылған заттар, үйде өсіретін гүлдердің түрлері мен жеміс – жидектер, қысқа дайындалған жемістер,бал және жүзім өнімдері.
Барлық белсенді қатысушыларымызға 1,2,3 орындар тағайындалды. 1 орынБаркытбел ауылдық округінен: Склярова Валентина Никадимусовна, Сиротина Надежда Констатиновна. 2орын: Кокозек ауылдық округінен: Кажиева Асимжан, Бехтольд Мария Петровна, 3 орын Бестерек ауылдық округінен: АйчановаГульнар Дуйсенбаевна , Шевцова Тамара Кондратьевна
Ақжар селолық округ әкімшілігінен Қаспақбаева Бағи Куанышбаевна , Қамысбаева Маруан Сагынбековнаадамдар грамотамен марапатталды. Қоңыршәулі селолық округінің әкімшілігіненЧорахметова Фарида Алексеевна , Гросс Зинаида Васильевна , Абишева Рысжан Исақызы, Тельгазина Куляшграмотамен марапатталды.
Жәрменкеден кейін мерекелік концерт барысында аудандық әкім орынбасарыК. Сейтканов мырзаға құттықтау сөзі берілді.
Концерт бағдарламасын « Асыл- Мура» ансамбілі гүлдендірді. Ансамбль құрамында 20 қарт адам қатысты. Жәрменке және қонцерт барысында 10 қазан мүгедектер күніне арналған «Ақ гүлдер» акциясы жүргізілді, акцияда балалар өз қолымен жасалған гүл сатылды. Жиналған барлық қаражат шұғыл түрде ота жасатуға мұқтаж мүгедек балаларға жұмсалады.
Әкім қабылдауымен өткен мереке «Атамекен» мейрамханасында жалғастырылды. Қабылдауға 100 адам шақырылды. Мәдениет үйінің әртістері мерекелік концерт ретро-би көрсетті, ретро биге қатысқандар 1,2,3 орындарға сыйлық берілді, және барлық шақырылған қонақтарға сыйлық берілді.
Бұл іс – шара «Мейірбандық» деп аталады, аудан бойынша 1 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін созылады. Кәзіргі уақытта Ұржар ауданы бойынша, ауылдық округтерде және ұйымдарда қарттар күніне арналған іс – шара жүргізілуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік С.Семенова
Бағдарламалар бөлімінің басшысы