Аудандық «Тілдер шеруі» фестивалі

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі 2017 жылдың 25 қыркүйегі күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты айлық шеңберінде «Тілдер шеруі» фестивалін өткізді.
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» сөзі қазақ тілінің қоғамдағы орнын, бүгінгі мүмкіндігін анық көрсетеді дегенді білдіреді.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан халқы тілдер мерекесі республика бойынша мерекеленуде, осыған орай аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет сарайында «Тілдер шеруі» фестиваліне жиналған көрермен залы лықа толды.
Аудандық білім бөліміне қарасты №1 орта мектебі ұжымымен бірлесе ұйымдастырылған фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей, ұлттық жаңғыру дегеніміз ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретіндігін, ұлттық салт – дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екендігін атап көрсеткендей, Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, көп тілділік тарихынан қызықты деректерден мағлұмат беруден басталды.
Жиырма ұлттың өкілі тұратын Аягөз халқын Қазақстан халқы тілдер мерекесімен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Ж. Аманов пен осы бөлімнің маманы Ж. Галиева құттықтап, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында жемісті еңбек етіп жүрген аудан мектептерінің қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдерін және де қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, үйрену – барша азаматтың парызы екендігін терең сезініп, ана тіліміздің құдреттілігін бойларына сіңіре білген, оза шауып бәйге алып, баршамызды қуантқан, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында және қазіргі заман талабына сай үш тілді бірдей меңгеруде жетістіктерге жетіп халықаралық, республикалық, облыстық байқауда жеңімпаз атанып жүрген оқушыларды алғыс хатпен марапаттап сыйлықтар тапсырды.
Мерекеге шақырылған 10810 әскери горнизонның сарбаздары В.М.Цой-кәріс, В.А. Карпенко-орыс, Ш.В. Ибрагимов-өзбек, А.А.Ермоленко-орыс, әр ұлт өкілдерінен құралған топ ұлттық киімде киінген, өздерін қазақ тілінде таныстырып, «Атамекен» әнімен фестивалді ашып қошеметке ие болып аудан атынан алғыс хатпен марапатталып сыйлықтар табыс етілді.
Тату-тәтті, өзара келісімде өмір сүріп жатқан ұлттардың киімін киген №1 орта мектеп оқушылары ән айтып, би билеп мереке нақышын келтіре түсті. Мәдениет үйінің фоэсінде аудандық кітапхана ұжымы кітап көрмесін, мектептер ең үздік буклеттер көрмесін ұйымдастырды.