Регбиден Қазақстан чемпионаты

2017 жылдың 28 қыркүйек 2 қазан аралығында Тараз қаласыныда регбиден 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. Шығыс Қазақстан облысының намысын Аягөз ауданының оқушылары қорғап қайтты. № 4 орта  мектебінің спорт нұсқаушысы М. Ардашев, «Жас техниктер станциясының» мұғалімі Е. Дюйсенғажыев дайындаған № 4 орта  мектебінің, Д. Бабатайұлы  атындағы орта мектебінің, № 1 орта  мектебінің, № 5 орта мектебінің  оқушыларынан  құралған жас регбишілеріміз жақсы ойын –өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынмен  оралды. Атап  айтсақ,Абылтаев  Нурдаулет(№ 5 о.м.), Қабдуахитов Ермурат(№ 1 о.м.), Бағдатов  Рүстем (№ 1 о.м.), Сарсенғалиев Айдан (Д. Бабатайұлы атындағы о.м.), Берікұлы Саят(Д. Бабатайұлы атындағы о.м.), Жанатов Ерғанат (Д. Бабатайұлы атындағы о.м.), Құсманов Нұржан (Д. Бабатайұлы атындағы о.м.), Қабдоллаев Бекжан(№ 4 о.м.), Сәкенов Бағдаулет (№ 4 о.м.), Сейтов Ернар(№ 4 о.м.), Молдашев Ерасыл (№ 4 о.м.), Серіков Ерасыл (№4 о.м.), Диас Мәди(№ 4 о.м.), Қалиханов  Нурбек (№4 о.м.)

Команданы Тараз қаласына бастап барған облыстық «Қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының» маманы Кабдугалиев Алмас:  «Командамыз алғашқы рет осындай біз үшін жаңа спорт түрі, регбиден  Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралу үлкен еңбектің арқасы» – деп сөзін түйіндеді.         

Жарыс қызықты да, тартымды өтті. Азулы Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Астана қалаларының құрама командалаларына төтеп бере алды.     

Жарыс соңында командамыз Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми – практикалық дене тәрбиесі орталығының  кубогымен, мақтау қағаздарымен, медальдарымен марапатталды.