Сарыарқа ауылында «Еңбек Даңқы» аллеясы ашылды

«Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. 
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. 
Елбасы ұсынған бағдарламаны іске асыру мақсатында, Аягөз ауданының Сарыарқа ауылдық округінде 2017 жылдың 5 тамызында «Еңбек Даңқы» аллеясының салтанатты ашылуы өтті. 
Аллеяда осы өңірде еңбек етіп, ел құрметіне бөленген, ауылдың мақтаныштары болып, орден алған 27 азаматтардың есімдері орналастырылып, 1960 жылдары өндірісте болған ДТ-54 тракторы ескерткішке қойылды.