«Мемлекеттік грант конкурсы» туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Мемлекеттік гранттар беру» бойынша ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасының  басшылығымен  конкурс ұйымдастыру жоспарлануда.

Аталған  бағдарлама  аясында мемлекеттік грантқа үміткер бола алатын азаматтар: Шағын  және орта бизнес кәсіпкерлері, жас кәсіпкерлер, жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер, әйел адамдар, мүгедек  жандар, 50 жастан асқан жеке тұлғалар өтінім берулеріне болады.                                                               

«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру Қағиданың 19 тармағына сәйкес Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (қалалық/аудандық кәсіпкерлер бөлімі) жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күн толмаған бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама;

6) бизнес-жоба;

7) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) заңды тұлғалар үшін Жарғының көшірмесі (бар болса);

9) қызмет түріне лицензияның көшірмесі (қажет болса);

10) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

11) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасыны Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйырығына сәйкес Конкурскта қатысушы банктік реквизиттің ұсыну қажет.

Грант алуға үміткер кәсіпкерлер осы бағдарлама аясында конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі «Аягөз ауданының  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не  2017 жылдың 7 тамызынан  бастап 18  тамызына дейiн жұмыс күндерi сағат 09.00-нан бастап сағат 18.30-ге дейiн тапсыратындығы туралы хабарлайды.

Аталған конкурсқа қызығушылық танытқан үміткерлер толық мәліметті Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен алуға  болады. Байланыс телефоны: 3-10-66.

        

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі