Мерекең құтты болсын, теміржолшы!

2017 жылдың 4 тамызында  «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында 6 тамыз теміржолшылар күніне арналған «Мерекең құтты болсын, теміржолшы!» атты мерекелік кеш өтті.

1926-1931 жылдар аралығында салынған Түркістан-Сібір магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Алғашқы құрылысшылары, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, В.Шатов, Н.Ларшин, жерлесіміз Ахметжан Мәженов т.б болды.

Мерекелік кешке келген қонақтар оқушылардың түрлі биін тамашалап, күйін тыңдады. Кеш музейдің экспозициялық залдарына экскурсиямен аяқталды.