Еліміздің жүрегі - Астана  

2017 жылдың 5 шілдесінде «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында 6 шілде Астана күніне орай, «Еліміздің жүрегі — Астана» -  атты мерекелік кеш өтті.  Астана қаласы 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді. 2006 жылдан бастап 6 шілде елорда күні ретінде атап өтіледі. Мерекелік кеште Астана туралы ән айтылып, оқушылар әр түрлі ұлттың биін биледі. Көтеріңкі көңіл-күймен келген қонақтар, мерекелік кешті музейдің экспозициялық бөлімдерін тамашалаумен жалғастырды.