«Менің  Отаным  - Қазақстан» туристік  - өлкетану экспедициялық жасақтарының  республикалық слеті 

2017  жылдың  22 – 25 маусым  аралығында  Ақтау  қаласында  «Менің  Отаным – Қазақстан» туристік – өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті еліміздің  батысында  орналасқан Ақтау қаласында өткізілді. Дүбірлі  жарысқа Шығыс Қазақстан  облысының  намысын қорғауға № 4 орта  мектебінің  спорт  нұсқаушысы М. Ардашев  пен «Жас  техниктер станциясының мұғалімі Е. Дүйсенғажыев дайындаған  № 4 орта  мектебі мен  Д.  Бабатайұлы  атындағы орта  мектебінің  оқушыларынан  жинақталған оқушыларымыз қатысып  келді. 3 күн  бойы  біздің  жас  туристеріміз  поездың  терезесінен  еліміздің  ғажап  табиғаттарымен  танысып  барды.

Поездан ұйымдастырушылар  командамызды  тосып  алып,ән – шашу шашты,Актау  қаласының көрікті  жерлерімен,  музейлерімен  таныстырды.Бос  уақыттарында  Каспий  теңізіне  түсіп,  оқушыларымыз керемет демалды.

Ашылу  салтанатында батыс  елінің  өнепаздарының шағын  концерттік  бағдараламасын  тамашалады.Төрешілер  алқасының  отырысы өтіп,  команда жетекшілері  жарыстың  өту  тәртібімен  таныстырылды.

Жарыс басталып  кетті. Бағдарламасына  келетін  болсақ:

I. Өлкетану блогы.

 Өлкетану блогының әр қатысушысы (2 қатысушы) келесі номинациялар бойынша іздеу-зерттеу жұмысының бір қорғау презентациясын дайындайды:

1. «Туған өлке соқпақтары» (өңірде өткізілген туристік экспедицияның презентациясы);

2.«Сөнбес жұлдыздар» (танымал қоғам қайраткерлері, жазушылардың, ғалымдардың, еңбек ардагерлерінің өмір жолы).

3. «Туристік-бақылау бағдары». Топтың құрамы  6 қатысушы (4 ер бала + 2 қыз бала). Туристік бақылау бағдары туристік жорық ретінде өткізіледі, оған туристік техника және тактика, бағдарлану, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету элементтері кіреді.

4. «Жартасқа шығу». Топ құрамы - 2 қатысушы (1 ер бала + 1 қыз бала). Жартасқа шығу жарысы «жылдамдық» түрі бойынша жартасқа шығу жарыстарын өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі. Топ жасанды рельефтегі трассадан өтеді.

5. Экскурсиялық бағдарлану бойынша жарыс Ақтау қаласының көрнекі жерлері бойынша өткізіледі, әр кезеңге 2 адам қатысу есебімен жалпы алғанда 6 қатысушы қатысады. Жарыс қатысушылары «мылқау» картада белгіленген бағыт бойынша бақылау пунктін (бұдан әрі – БП) анықтайды және табады.

6. Бард әндерінің байқауы.

Байқау қатысушылары:

орындаушы-автор (шығарманы гитарамен жеке орындаушы, өлендер немесе музыка авторы);

7.  «Құс үйшігі» акциясы: әр топ өзімен бірге үйірмешілер қолымен табиғи материалдан жасалған құс үйшігін жасау.

Барлық  сындардан  өтіп,  командамыз жақсы  көрсеткіштерге  қол  жеткізді. Барды  әндерін  жақсы  орындаған Бекболат  Бекзат алғашқы  үштікке  кіріп,  арнайы  мақтау  қағазбен  марапатталды. Барлық  команда  мүшелері арнайы  Республикалық  слетқа  қатысқандары  бойынша  сертификаттармен  марапаттталды. Ауданымыздың  жас  туристері  Республикалық  деңгейде шоғы  биік  екенін  дәлелдеді.

 «Алға , жас  туристер!!!