Семей  қаласында өткен  қол  күресінен облыс   Чемпионаты

2017  жылдың 12 – 14 мамыр аралығында  Семей  қаласында 2000 ж.т және  одан  төмен жастағы жасөспірімдер арасында  қол  күресінен ШҚО  Чемпионаты  өткізілді.

Жарысқа  облысымыздың  16 қала мен  аудандарынан 200– ден астам оқушылары  қатысты.  Ауданымыздың  8 оқушысы жүлдегер  атанды. Қарап  отырсақ, қол күресі ауданымызда жақсы  дамып  үстінде.Облыс, Қазақстан  Чемпионаттарына үнемі  қатысуда. Ауылдық  округтерден Ақши, Ж. Жабаев  атындағы  орта  мектептерінің  оқушыларының  шоқтығы  биік болып, облыс Чемпионаттарында  топ  жарып  жүр. Н. Биғалиев, А.Айтжановтадың  еңбегін айтуға  болады. Спорт  нұсқаушысы  Ж.  Қыржыбаев  аз  уақытта  аудан қол  күрес  спортын  жоғарғы  деңгейге  жеткізді.

Осы  жарыста  үздіктер  қатарынан  көрінген  оқушыларға  келсек:

1.Сарсенбаева Аяулым -  «Политехникалық колледж» КММ- 1 орын

2. Толеубеков Архат - «Ақши жалпы  білім  беретін орта  мектеп» КММ  - 1 орын

3 Төлешов  Нұржан  - «Ақши жалпы  білім  беретін орта  мектеп» КММ  - 2 орын

4. Алмасов Мейіржан -  «Ж. Жабаев атындағы  жалпы  білім беретін  орта  мектеп» КММ – 2 орын

5. Қалиева Айнур – «С. Ғаббасов атындағы  жалпы  білім беретін  орта  мектеп» КММ – 2 орын

6. Орынбасаров Абылай  - «Көпсалалы қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ – 3 орын

7. Куатбеков Әмір - «Көпсалалы қазақ  мектеп  гимназиясы» КММ – 3 орын

8. Карменов  Ерасыл -«Политехникалық колледж» КММ- 3 орын

Чемпионат  жеңімпаздары мен  жүлдегерлері  облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының  кубоктарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Оқушыларымызды   жеңістерімен  құттықтаймыз!!!