Шағын футболдан «Наурыз» сауда орталығының жүлдесіне арналған жарыс

2017 жылдың 13–14 мамыр аралығында 2004-2005 ж.т. қыздар қыздар  арасында № 3 орта мектебінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің көпфункционалды жасанды  жабдықталған алаңдарында шағын футболдан «Наурыз» сауда  орталығының  жүлдесіне арналған 2004–2005 ж.т. қыздар  арасында аудандық жарыс өткізілді. Жеке кәсіпкер Қ. Сапақовтың  салауатты  өмір салтын насихаттауда еңбегі ерен. Осы жарыстан басқа аудандық  спорттық туризм жарысына да демеушілік көмек көрсетіп өткізуде. Еңбегіңіз  жана берсін демекпіз!!! № 1 орта мектебінің дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі Е. Оралбековтың, № 6 орта  мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Мусаевтың  ауданымызда  қыздар  футболын  көтеруде қызу жұмыс істеуде. № 1 орта мектебінің мектеп әкімшілігі,  ұжымы жарыстың  ашылуына  да  зор көңіл  бөледі.Мектептің  жас  әншілері әсем  әндерімен  қатысушыларды  тәнті етті. Білім бөлімінң әдіскері С. Қыржыбаев, бас демеуші Қ. Сапақовтың  ұлы Назарбек, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  орталығының маманы А. Тауырбаев жас футболшы қыздарымызға ақ  тілектерін  айтып,  жақсы ойын көрсетулерін, көзге түскен ойыншылар  аудан  құрама команда сапына енетінін  айта кетті. Бас төреші  Е. Оралбеков жарыс  өту тәртібімен таныстырды. Жиыны 11 команда қатысқан жарыс жақсы  дәрежеде өтті. Қыздардың техникалық ойындары жетіспей жатса да, жеңіске деген  ұмтылыстарында шек жоқ болды.  

3 топқа бөлініп, командалар жарысты бастап кетті. Мектеп–лицей, № 4 орта  мектеп командалары жақсы  ойын  көрсете  білді,  алайда ақтық  ойындарға  шығуға бір қадам жетпеді. Шиеліністі ойындарда  № 1 орта  мектебі,  мектеп – гимназия, № 5 орта мектептерінің  командалары ақтық ойындарда бірі – бірімен ойнап, № 1 орта мектебінің мерейі үстем болып, І орынды жеңіп  алды. ІІ орынды мектеп-гимназияның командасы, ІІІ орынды № 5 орта  мектебінің командалары иеленді. Жақсы  өнер  көрсеткен  қыздар  аудандық  құрама  командасына  алынды.

Жеңіске жеткен командалар, жақсы өнер көрсеткен ойыншылар жарыс соңында «Наурыз» сауда орталығының кубоктарымен, бағалы  сыйлықтарымен,  медальдарымен, грамоталарымен  марапатталды.