Регби жарысы

2017 жылдың 12 мамыр күні орталық стадионда ауданымызда алғашқы рет регби жарысы өткізілді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жарысқа қаламыздың 5 командасы қатысты. Жарыстың бас төрешісі М.Ардашев жарыстың өту барысымен таныстырды.
Регби ойынын қазіргі таңда ауданымызда дамытуда № 4 орта мектебінің спорт нұсқаушысы М. Ардашев, «Жас техниктер станциясы» мұғалімі Е.Дюсенғажыев еңбектерін айтпаса болмайды. 6 мамыр күні «Регби ойыныны ережелері» атты семинар мектептердің ұстаздарына өткізді. Аздаған дайындықтан кейін, Д.Бабатайұлы, № 4 орта мектебі, № 5 орта мектебі, К.Бозтаев атындағы орта мектебі, мектеп–гимназияның командалары жарыс жолына шықты. Жарыс екі жас ерекшіліктері бойынша өткізілді: 10-12 жас және 13 – 14 жас. К. Бозтаев атындағы орта мектебінің түлегі, қазіргі таңда Өскемен қаласында жоғарғы оқуда оқу оқып жүрген Н.Жайлаубаев қазіргі таңда ШҚО студенттер құрама командасының сапында өнер көрсетеді. Нурбек те келіп, осы жарысқа төрешілік жасап, оқушыларға регби ойынының қыр–сырыммен бөлісті.
Ойыншылардың ойнау техникалары ақсап турса да, регби ойынын жылдам меңгеріп алуларына болатынына сенімдері мол болды.
Кіші топта І орынды № 5 орта мектебінің, ІІ орында мектеп – гимназия, ІІІ орынды № 4 орта мектебінің командалары иеленді. 13 – 14 жастағы оқушылар арасында № 4 орта мектебі І орын, Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командасы ІІ орын, К. Бозтаев атындағы орта мектебінің командасы ІІІ орын иеленді. Жарыс соңында 21 – 24 мамыр аралығында өтетін облыстық кезеңге аудан құрама командасы жасақталы.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.