«Жалын» балалар спорт ойындарының ақтық ойындары

2017 жылдың 5 мамыр күні ауданымыздың  ауылдық  округтерінің  5 аймағынан  және  Аягөз құрама командалары балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің  спорт  залдарында, көпфункционалды  жасанды  жасыл  алаңында, № 7 орта  мектебінің  АӘД пәні  кабинетінде 2003 – 2004 ж.т. оқушылар  арасында  «Жалын»  балалар  спорт  ойындарының  ақтық ойындары өтті. Ауа-райы ашық болып, қосымша жақсы көңіл  сыйлады. Оқушылар  сапқа  тұрғызылды.  Аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Н.  Әзімбаев, аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі басшысының  м. а  Ж. Аманов қатысушыларға ақ  тілектерін айтып, сәттілік  тіледі. Бас  төреші С. Қыржыбаев жарыстың өту  барысымен  таныстырды. Жарыстар  басталып  кетті.

Аудандық  білім  бөлімі,  аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі, балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бірлесіп өткізген  жарыс жоғарғы  дәрежеде  өтіп, қатысушылар жақсы көңіл күймен үйлеріне  тарасты. Төрешілер де әділ төрешілік  жасап, нағыз  мықтыларды  анықтады.

«Жалын» балалар  спорт  ойындары  спорттың  8 түрін  қамтып  отыр. Жарыс дәстүрлі  болғандықтан, мектеп  ұстаздары  осы  спорт  түрлерін  мектептерінде  дамытуға  ат  салысатындары   белгілі.

Атап  айтсақ:

Волейбол   -  8  қыз 

Шағын футбол – 7 ұл

Үстел  теннисі  -  3  оқушы( 2 ер бала, 1 қыз  бала)

Ой  ойындары - 3  адам (1 шахматшы, 1 дойбышы, 1 тоғызқұмалақшы, )

Қол  күресі  -  3  ұл (42- 45 кг, 47 – 52 кг, 52 – 57 кг)

Жеңіл  атлетика – 6 оқушы (3 ұл, 3 қыз) – (ұлдар- 60 м,1000 м,доп лақтыру, ұзындыққа  секіру) ,(қыздар- 60 м,500 м,доп лақтыру, ұзындыққа  секіру

 Жарыс  жолына Аягөз  құрама  командасы, Шұбартау  аймағы, Ақтоғай  аймағы, «Шығыс» аймағы, Мамырсу  аймағы, Шынғожа аймағы шығып, жүлделерге  таласты.

Барлық  спорттың түрінен Аягөз  құрама  командасы  жеңіске  жетіп, І  орынды  қанжығаларына байласа, ІІ  орынды Ақтоғай  аймағының  құрама  командасы иеленсе, ІІІ  орынды Шубартау  аймағының  командасы  иеленді.    

Жарыс  соңында жеңімпаздар  мен жүлдегерлер  аудандық  білім  бөлімі,  аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімдерінің кубоктарымен, мақтау  қағаздарымен, бағалы  сыйлықтарымен  марапатталды.

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлерді  құттықтаймыз!!!