Құрметті Аягөз ауданының тұрғындары!!!

Ағымдағы жылдың 15-19  мамыр аралығында  Аягөз аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалында "Бастау - Бизнес" жобасы  бойынша тегін оқыту курсының екінші кезеңіне тестілеу  басталады. Тестілеуден өткен үміткерлер ары қарай оқуға жіберіледі.

Оқыту курсының мерзімі 1-ай, 20.05-19.06. 2017 жыл оқытылады.

Сіздерді бизнесті жүргізуге, бизнес жоспарларды дайындауға және қорғауға жеңілдетілген мөлшерлемемен жылына 6 пайызға дейінгі қаржыландыруды алуға, 12-ай бойы сүйемелдеу арқылы өз ісіңізді дамытуға жәрдемдеседі. Оқуды нәтижелі аяқтағандарға Сертификат табысталып және шәкіртақы төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін Аягөз ауданы  кәсіпкерлік палатасының филиалына хабарласуларыңызға болады. Біздің мекен-жай: Аягөз қаласы, Ақтамберді көшесі, №6\1, тел:8 72237 3-33-66