«Тілдарын» аудандық олимпиадасы өтті

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 сәуір күні орталықтандырылған кітапханада «Тілдарын» аудандық олимпиадасы өтті.

 «Тілдарын» олимпиадасы үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған. Қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.

«Тілдарын» олимпиадасында І орынды Ильясова Мадина №3 орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі жеңіп алса, ІІ орынды Жумагажиева Назигул иеленіп, ІІІ орынға Бейсекова Арайлым ие болды.

2017 жылдың 28 сәуірі күні өтетін облыстық «Тілдарын» олимпиадасына жеңімпаз атанған М. Ильясова  жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!