«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша идеологиялық актив отырысы өтті

Аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша идеологиялық актив отырысы өтті. Отырысқа аудандық маслихат депутаттары, мекеме, кәсіпорын басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, ақсақалдар, жастар қатысты.