«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» махаббат күніне арналған конкурс өтті

2017-жылдың 15-сәуір күні Мамырсу аулдық мәдениет үйінде аудандық жастар орталығы мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің ұйымдастырумен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» махаббат күніне арналған  конкурс өтті. Мереке аудандық мәдениет үйінің әртістері қойған Қозы мен Баянның кездесулеріндегі бір-біріне деген мәңгілік махаббаттары туралы диалогтарымен басталды. Әншілер мен бишілердің орындауындағы «Сүю деген бір арман» атты ән мерекеге ерекше романтикалық көңіл күй берді. Конкурс бойына аудандық мәдениет үйінің әншілері махаббат туралы әндерді орындап отырды.