Kuss квартеті мен Миша Майский ЭКСПО-2017 алаңында бірлескен концерт береді

Немістің белгілі ішекті квартеті мен танымал виоленчилисі Астанада  2017 жылдың 25 маусымында өнер көрсетеді.

Берлиндік «Кусс квартет» өзінің бірегей классикалық туындыларымен және қызықты музыкалық бағдарламасымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, «Кусс Квартет» беделді концерт алаңдарында жиі өнер көрсетуде. Мысалы, Нью-Йорктегі Карнеги-Холл, Амстердамдағы Консертгебоу, Лондонның Вигмор Холлында, Берлин филармониясында және көптеген қалаларда өз шығармашылығын ұсынған.

Ал, Миша Майский классикалық әуендерді  орындайтын даңқты тұлға ретінде танымал. Ол жиырмасыншы ғасырдың екі бірдей мэтрі - Мстислав Ростропович пен Григорий Пятигорскийден тәлім алған әлемдегі жалғыз өнер адамы.

 

***

АО «ҰК «Астана ЭКСПО-2017» 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап ЭКСПО - 2017 Халықаралық көремсін ұйымастыру мен дайындық мақсатында құрылды.
Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс Депарламентіне хабарласыңыз: тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com