Аудандық «Тіл-парасат» байқауы

2017 жылдың 15 наурызы күні аудандық орталықтандырылған кітапханада мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл-парасат» атты байқауы өткізілді.

«Тіл-парасат» байқауының мақсаты - мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау, сөйлеу мәдениетін арттырып, дарынды жастарды анықтау. Байқауға 18-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Үміткерлер берілген тапсырмалар бойынша 50 тест сұрақтарына жауап беріп, ұсынылған тақырыптарға эссе жазып, билет алу арқылы монолог құрады.

Байқауға қатысушы үміткерлердің білімдерін қазылар алқасының мүшелері Қ. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі М.А.Аманова, №3 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Г.Қ.Мұхамадиева, Жастар орталығының директоры С.Ж.Ибраев сынды мамандар бағалады.

Байқау нәтижесі бойынша Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Рафаилов Әділ 1 орынды және № 6 орта мектебінің мұғалімі Тайтулиева Индира 2 орынды жеңіп алды. Байқауға қатысушыларды бөлім басшысының міндетін атқарушысы Ж.И.Аманов құттықтап, жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттап сыйлықтар тапсырды.