«Наурыз» мерекесіне арналған балабақша тәрбиеленушілері арасындағы «Ал,ойнайық!» атты сайыс

2017 жылдың 16 наурыз күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 7 балабақшада 4 – 5 жастағы тәрбиеленушілер арасында «Наурыз» мерекесіне арналған «Ал, ойнайық!» атты сайыс өткізілді. 5 балабақшаның  командалары  өзара сайысқа түсті.

Ашылу салтанатында № 7 балабақшаның директоры З.Кожағулова, аудандық білім бөлімінің ғылым және білім беру  қызметкерлері кәсіподақ комиетінің төрайымы С.Ещанова, әдістемелік кабинетінің әдіскері Б.Искакова жас тәрбиеленушілерді,тәрбиешілерді, қонақтарды «Наурыз» мерекесімен құттықтап, жақсы көңіл–күй, сәттілік тіледі. № 7 балабақшаның жас бишілері, әншілері, «Қарлығаш» аспапты ансамблі сайыстың сәнін  келтірді. Қыдыр  атамыз бүлдіршіндерге  батасын беріп, сайыс басталып  кетті.

Әр балабақша ұжымы бүлдіршіндерді ұлттық салт –дәстүрді  тәрбиелеуде маңызы зор іс – шаралар  өткізуде. Бұрыштардың безендірулерінен және дастархандарынан көрініп тұрды. Төрешілер алқасының мүшелері Е.Шегиров, Е.Оралбеков, Е. Мусаев, Ш.Каджиакпарова әділ төрешілік  жасап, жеңімпаздарды анықтады.

Жарыс қорытындысына  келсек, «Бас жүлдені» №6, І орынды №5 балабақша, ІІ орынды №1 балабақша иеленсе, ІІІ орынды №7 балабақша мен №2 балабақша командалары иеленді. Тәрбиеленушілер көтеріңкі көңілмен үйлеріне тарасты. Тек қана алға демекпіз, білдіршіндерімізге!!!
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және қатысушы  командалар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.