Медиация - бітімгершілік пен татуластықтың тиімді жолы

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының 2011 жылы 28 қаңтарында шыққан «Медиация туралы» заңы себепкер болды. Аталған заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі- медиация енгізілді. Медиация сөзінің мағынасын қарапайым халықтың көбі толықтай түсіне бермейді. Медиация термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» - орта сызық деген сөзден шыққан. Қазақы ұғымға сәйкестендірсек, медиатор- екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мәмілеге келтіріп, тең шешетін ара ағайын, орысша- посредник.

Медиация - өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ қолғабысымен тараптар арасында дауды / шиеленісті / реттеу тәртібі.

Медиациялық тәртіптің мақсаты тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағаттандырытын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Медиатор медиация тарабы болып табылмайды. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де  құқықтық қатынастардан туындайтын даулар, сондай- ақ   онша ауыр емес  және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық  іс  барысында қарастырылатын дауларда қолданылады.

«Медиация туралы» Заңның 1 бабының 1 тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын дауларға / жанжалдарға/, егер мұндау даулар медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қатыссыз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса медиация рәсімі қолданылмайды. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылған кезде , жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық,еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға  медиация рәсімі қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Медиатор басшылыққа алатын негіз болатын 5 қағидамен ерекшеленеді :

  1. Еріктілік;
  2. Тараптардың тең құқылығы;
  3. Медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы;
  4.  Медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі;
  5. Құпиялылық;

«Медиация туралы» заңның тиімді жақтары көп. Егер қандайда бір іс сотта қаралатын болса, онда жауапкер де, талапкер де өздерін қорғау немесе адалдығын дәлелдеу үшін айғақтар мен құжаттар жинауға уақытын жібереді, қажет болса қорғаушы  ( адвокат) жалдауға, мемлекеттік баж салығын төлеуге мәжбүр болады. Ал, медиация  рәсімінде мүның бірі де талап етілмейді, заңның баптары да қолданылмайды. Медиацияны жүргізу рәсімі   заң аясында тараптар келіскен тәртіп бойынша жүргізіледі. Тараптардың өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу уақыты мен орыны анықталады. Медиацияны жүргізу медиатор мен тараптардың  тек өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.
Азаматтық істі сотқа қарағанға дейін жасалған даулы реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді.
Азаматтар дауын сотқа беріп қойған соң , қайтып алуға болмайды деп ойлайды. Медиацияның ерекшелігі сол,  бәлкім ыңғайлылығыда болар- дауды сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де  жүргізуге болады.  Медиация  нәтижесінде мәмілеге қол жеткізілсе, дауды реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады, екі жақ қол қояды. Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде, келісімде көзделген тәртіппен және тағайындалған мерзімде орындауға тиіс. Келісім орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарабы  ҚР  заңдарында көрсетілген тәртіпке сәйкес жауапқа тартылады.
Сонымен , медиаторлардың  міндеті- дауласушыларды келістіру, мүмкін болса татуластыру, істі сотқа қаратпай-ақ тындыру болып табылады.

«Медиация дамыту орталығы»
Республикалық қоғамдық бірлестігінің
кәсіби медиаторы   С Жалгабаев

Құрметті Аякөздіктер!

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

Медиация
-үшінші , бейтарап турашыл тараптың- медиатордың ( делдалдың) көмегімен дауларды соттан тыс шешу нысаны.

Медиация
– тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемсуімен   арадағы  дауды  реттеу  рәсімі.

Медиатор
- татулықты сақтаушы мамандық.

Қолдану аймағы:

  1. Азаматтық қатынастардан туындайтын даулар;
  2. Жұмыс бабындағы даулар;
  3. Отбасылық қатынастардын туындайтын даулар,  оның ішінде: алимент төлемеу, жеке мүлікті бөлу, кәмелетке жетпеген балалардың тұрақты мекен- жайын анықтау т.б ;
  4. Коммерциялық және шаруашылық даулар;
  5. Білім беру саласындағы даулар;
  6. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, тергеу және анықтау органдарының және соттардың медиация рәсіміне сай тараптардың татуласуымен аяқталады.

Ақпарат беру тегін.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуы туралы келісім соттың шешімімен тең.

Астана қаласының «Медиация дамыту орталығы » РҚБ-нің Аягоз қаласындағы өкілі, кәсіби медиатор - Жалгабаев Самат Жумабекович

Кәсіби медиатор көмегін  пайдаланыңыздар.

Мекен жайы: Аягоз қаласы Б.Момышұлы көшесі № / ГорОНО /

Байланыс телефондары: 8 701 335 75 52, 8 747 422 65 14

Бет өзгертілді: 23-08-2017