Мәслихат

Аягөз ауданы мәслихаттың хатшысы - Темеков Мұхтар Әбдікәрімұлы

Темеков М.Ә. 1952 жылдың 15 наурызында Семей облысы, Аягөз ауданының Знаменка ауылында тұған. 1973 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған. 1979-1983 жылдары аралығында Аягөз ауданының С.Ғаббасов атындағы орта мектептің директоры, 1983-1987 жылдары Аягөз аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, 1987-1994 жылдары Аягоз қаласындағы №12 кәсіптік-техникалық училищенің директоры, 1994-1996 жылдары аралығында Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылдан бастап Аягөз аудандық мәслихаттың хатшысы.

  Жұмыс тел.: 72237 3-36-41

   

Аягөз аудандық мәслихаты аппаратының басшысы - Аманжолов Болат Қошқарбайұлы

Аманжолов Б.Қ. 1948 жылдың 15 маусымында  Семей облысы, Аягөз ауданының Нарын ауылында туған. 1971 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын «Автомобиль транспорты» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы Аягөз қаласындағы автомобиль мектебінде мұғалімдік қызметтен бастады. 1975 жылдан Аягөз аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1976–1978 жылдарда Аягөз аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1979–1982 жылдары Аягөз автомобиль мектебінде мұғалім, мектеп директорының орынбасары, 1992 – 1995 жылдары Аягөз аудандық әкімшілігінде туризм және спорт, қоғамдық ұйым және саяси партиялармен байланыс комитетінің, өнеркәсіп және транспорт, ұйымдастыру және кадр бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1995–2002 жылдары Аягөз ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2002–2005 жылдары «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары, осы бірлестіктің аудандық кәсіптік–техникалық оқу орталығы директорының орынбасары болып істеді. 2006 жылдан Аягөз аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жанұялы, жұбайы мұғалім, екі баласы бар.

  Жұмыс тел.:  8- (722-37) 3-02-98