Мүлікті жария ету

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін *.doc 46 KB
Мүлікті жария ету ерекшеліктері *.doc 41 KB
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөніндегі жалпы ережелер *.doc 46 KB

Мүлікті заңдастыру акциясы

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Құрметті Аягөз  ауданының тұрғындары!

2014 жылдың 30 шілде айында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады. 
Ақшаны жария ету үшін қаржының иесі тиіс­ті қаражатын екінші дәрежедегі бан­кі­дегі немесе Ұлттық пошта операторындағы жи­нақшоты арқылы көрсеткен жағдайда, 10 пайыздық алым алынбайды. Сонымен қа­тар субъект қаржыны жария еткен күннен бас­тап ақшасын кәсіпкерлікке, құнды қа­ғаздар сатып алуға, инвестиция құралы ре­тінде жұмсауға, мүліктер сатып алуға, т.б. жұм­сауға құқылы. Ал енді екінші жағдайда су­бъект шетелдегі немесе қолма-қол айна­лым­­дағы қаражатын банкке салмай-ақ, ар­найы декларацияда көрсету арқылы да жа­рия етуіне болады. Мұндай жағдайда он пайыз­дық алым алынады және арнайы дек­­­­ларацияны жергілікті мемлекеттік кіріс органына тапсыру міндетті. Сонымен қатар ақша ұлттық және (немесе) шетел валю­та­сын­да екінші деңгейдегі банкте, Ұлттық пошта опе­раторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұр­ғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ар­найы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады. Жария етілетін ақшаны ағым­дағы шотқа енгізген (аударған) кезде екін­ші деңгейдегі банк, Ұлттық пошта опе­раторы жария ету субъектісіне аударылған ақша сомасының мөлшерін растайтын анық­тама береді. Арнайы декларация мен анық­тама – мүлікті жария етуші субъектінің заң алдында өзін кез келген заңсыз әре­кет­терден қорғайтын негізгі құжат. Тағы да бір ес­керте кететін жағдай – тиісті тәртіппен жа­рия етілген ақша мен жыл­жымайтын мүлік аталмыш заңның 10-1 бабының (Жа­рия ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау) талаптары негізінде табыс салығын салуға негіз болып таныл­майды.
Декларацияны қабылдау мекен-жайы:  Аягөз ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Аягөз қаласы, Абай бульвар 52, 1 қабат, №105.
Жұмыс істеу уақыты: дүйсенбіден жұма аралығына дейін – сағат 09-00 бастап 18.30 дейін.- Түскі асқа үзіліс – сағат 13.00 бастап 14.30 дейін.  Тел.:  3-51-63.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету үшін қалалық комиссияға,  жария ету субъектілері  мынадай құжаттар тапсырады:
1) Аталған Заңның 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);
2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысы;
4) Жылжымайтын нысанның техникалық паспорты.
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар келесі  мекен- жай бойынша қабылданады: Аягөз қ., Абая көшесі 14, әкім аппаратының ғимараты, 1 қабат,  № 104 каб.
Жұмыс істеу уақыты: дүйсенбіден жұма аралығына дейін – сағат 09-00 бастап 18.30 дейін.- Түскі асқа үзіліс – сағат 13.00 бастап 14.30 дейін.  Тел.: 7-00-65.

Мүлікті жария етуге асығайық, берілген мүмкіндікті барынша қолданайық!


(Аягөз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы)

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңымен ұсынылатын кепілдіктер

Жария ету субъектілері:
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алуға (сатып алу көздерін қалыптастыруға), пайдалануға не оған билік етуге байланысты болса, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақшаны немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықтан;
Егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алуға (сатып алу көздерін қалыптастыруға), пайдалануға не оған билік етуге байланысты болса, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптары бойынша әкімшілік жауаптылықтан;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның кірістері және мүлкі туралы декларацияны, оның ішінде жұбайының (зайыбының) тапсырмағаны немесе осындай декларациялардағы мәліметтерді толық емес, анық емес түрде бергені, оның ішінде жұбайының (зайыбының) бергені үшін тәртiптiк жауапкершіліктен босатылады.

Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ жоғарыда аталған Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, жария ету субъектісіне және (немесе) басқа да адамға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.

Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Заңына сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер, егер жоғарыда аталған Заңның 5 бабының 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және (немесе) тәртіптік теріс қылықта 5 баптың 1-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария ету субъектісінің кінәлі екендігіне дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алмайды.

Жария ету субъектісі құжаттардың көшірмелерін және (немесе) оларды дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қоса тіркеу үшін мүлікті жария ету фактісіне байланысты мәліметтерді ұсынуға құқылы. Осы дәлелдемелерді қоса тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Мұндай мәліметтер мен құжаттардың сақталу және оларға қолжетімділік режимін тек мүлікті жария етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар ғана қамтамасыз етеді. Мүлікті жария етуді жүзеге асырмайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар мұндай мәліметтер мен құжаттарға рұқсат алуға құқылы емес. Мұндай мәліметтер мен құжаттар жария ету субъектісінің өзінің сұрау салуы бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін.
Арнайы декларациядағы мәліметтердің құпиялылығына жоғарыда аталған Заңда көзделген кепілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган арнайы декларациялар мен құжаттардың және (немесе) арнайы декларацияға қоса берілетін мәліметтердің орталықтандырылған сақталуын жүзеге асырады.

Мүлікті жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ мәліметтерді алған және (немесе) өздеріне белгілі болған мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері, оның ішінде комиссия мүшелері мұндай мәліметтер мен ақпараттарды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде, сонымен қатар өздері жұмыстан шығарылғаннан кейін де таратуға құқылы емес.
Жария ету рәсімін өткізу шеңберінде алынған мәліметтерді жоғалту, не мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мүлікті жария еткен жария ету субъектісіне қатысты жоғарыда аталған Заңның 5 бабының 1-тармағында көзделген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, тәртіптік теріс қылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс және тәртіптік іс қозғалмайды, ал қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу және тәртіптік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңында көзделген кепілдіктер тек жария етілген мүлік шегінде ғана ұсынылады және жария ету субъектісі және (немесе) басқа тұлға 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасаған әрекеттерге қолданылады.

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия хатшысы Г.Е.Оралбаева

 

Аягөз ауданы әкімінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 1-59-ө өкімімен мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі аудандық комиссия  құрылған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымындағы № 213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысында мүлікті жария етуді өткізу тәртібі көрсетілген. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер қосымшада жарияланған.

Мүлікті жария ету үшін құжаттарды қабылдау, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  2015 жылғы 30 қарашаға дейін, Аягөз ауданы әкімінің аппаратында (104 кабинет) жүзеге асырылады. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс органының байланыс телефоны: 8(72237) 3-35-79. 

 

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі
*.doc, 48 KB
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті МӘЛІМ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы Заңына сәйкес, мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
*.doc, 353 KB
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V ҚРЗ
*.doc, 127 KB
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ

*.doc, 93.5 KB
"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы

*.doc, 111 KB
     

 

Бет өзгертілді: 23-12-2016