Жер қатынастары

Шілде айында берілген жер учаскелерінің тізімі *.doc 36 KB
Маусым айында берілген жер учаскелерінің тізімі *.doc 35 KB
Мамыр айында берілген жер учаскелерінің тізімі *.docx 17 KB
Жер комиссияларының жұмысы туралы *.doc 45 KB
Ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау институтын сақтау *.doc 45 KB
Ауыл халқын жайылымдармен қамтамасыз ету *.doc 47 KB
Ауыл шаруашылығы жерлерінің ең үлкен мөлшерін белгілеу *.doc 46 KB
Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тұрақты мониторингін жүргізу *.doc 48 KB
Ауыл шарушылығы жерлеріне мораторий *.doc 62 KB
Шекара маңындағы аумақтардағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша шектеулер белгілеу *.doc 47 KB
Жерді жалдау шартының типтік нысанын бекіту *.doc 46 KB

Аягөз ауданы территориясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 орынды алады және жер ресурстарына бай. Ауданның барлық территориясы 4 985 303 га, оның ішінде: 31 363 га егістік, 2373,0 га тыңайған жерлер, 146 752 га шабындық, 4 285 958 га жайылымдық, 518 085,997 га басқадай жерлер.

Босалқы жер қоры 2 693 589,57 га құрайды, оның ішінде: 493,44 га тыңайған жерлер, 100 939,37 га шабындық, 2 125 262,73 га жайылымдық, 466 605,03 га басқадай жерлер.

Ауылшаруашылығына арналған жерлер 1  724 023,89 га құрайды, оның ішінде: 31 189,0 га егістік, 1834,0 га тыңайған жерлер, 42 655,0 га шабындық, 1 640 079,69 га жайылымдық, 8175,2 га басқадай жерлер.
Аудан бойынша 1 240 шаруа қожалықтары бар, оларда 1 665 718,20 га ауылшаруашылық жерлері тіркелген, оның ішінде: 29 122,0 га егістік, 1 812,0 га тыңайған жер, 41 527,0 га шабындық, 1 585 248,0 га жайылымдық, 8009,2 га басқадай жерлер.
Егістік жерлерді пайдалану анализі аудан бойынша егістік 74,6%-ға қолданылатындығын көрсетеді.
Ең жоғарғы егістік жерлерді пайдаланбау көрсеткіштері Сарыарқа а.о.-де – 100%, Мыңбұлақ а.о. – 12%, Тарбағатай а.о. – 7,9%.
Өткен жылы аудан бойынша 69,5 мың га жер ауылшаруашылығы айналымына тартылды. Аягөз ауданында 2013 жылы ауылшаруашылығы айналымына тартылған 1,4 млн. га жерге түгендеу жұмыстары жүргізілген.
Түгендеу жұмыстары барысында 247,38 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды, оның 203,999 мың га бүгінгі күні мемлекетке қайтарылды, 43,381 мың га жерге жер пайдаланушылары өз жерлерін қайта қолданысқа тартты.
2018 жылғы қараша айында пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер учаскесі анықталды – 107,  жер учаскесі – 171 274,0 га
Ескерту таратылды – 107 агроқұрылым, 171 274,0 га

Оның ішінде:

  1. 7 шаруа қожалық, 1633,0 га жер учаскесінен бас тартып, келісім-шарттары біржақты тәртіппен бұзылды;
  2. 6 шаруа қожалық Әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылды- 20 938,0 га;
  3. 2 шаруа қожалығы жер учаскелерін маусымдық жайылым ретінде пайдалануда, жер көлемі – 3040,0 га;

- 64 шаруа қожалық жерлерін қайта игерді, 77 881,0 га;
- Қалған 67 782,0 га жайылымдық жер учаскесін пайдаланбай жатқан 28 шаруа қожалықпен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда

Ауылшаруашылығы жерлерін шет елдіктерге беру бойынша фактілер аудан бойынша жоқ.

2019 жылдың 1 қаңтарына Аягөз ауданының жер қорының құрамында суармалы жерлер көлемі 5,614 мың га.
Суармалы жерлердің үлкен көлемі су көзімен байланысының үзілуіне және суару жүйелерінің жоқ болу салдарынан өз нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқандығы белгілі.

Келешекте жерді игеруге неғұрлым қызығушылық танытқан жер пайдаланушыларға беру мақсатында осы жылы пайдаланылмайтын суармалы жерлерді анықтау және қайтару бойынша жұмыстар жүргізу жалғасуда.

Аудан бойынша 65,3 мың га болатын 100 жер учаскесі конкурс арқылы және 2,7864мың га болатын 4 жер учаскесі  аукцион арқылы берілді.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын  25 шаруа қожалық жасатты. Ауылдық округтермен ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын  жасату бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын  жасатпаған 125  ірі агроқұрылымдарға ескерту парақтары таратылды.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі арнайы кезекке 422 жер пайдаланушы қойылды.

Бет өзгертілді: 05-08-2019