Тарихи деректер

Тарбағатай ауылдық округі

Құрылымы жөнінде тарихи анықтама

Тарбағатай ауылы Тарбағатай тауының солтүстік батысына орналасқан. Басынан мұнар мен бұлт арылмайтын Өкпеті тауы мен Тарбағатай тауының баурайындағы Томар деген жайлаудан мөп-мөлдір тұма қайнарлары шығады. Тұмалар бірігіп өзен арнасын құрайды. Осы өзенді Аялы көзден шыққандықтан. Сұлу өзен немесе Аякөз өзені деп атаған. Аякөз өзені Аякөз ауданының ортасынан өтіп Балхаш көліне құяды.
Октябры революциясынан кейін бұрынғы Өкпеті болысының орнына қосшы ұйымдар құрылды одан кейін ұсақ колхоздар құрылды. Еңбек, Ақжайлау, Үшарал, Оянбірлік, Қарасу, Молотов, Қараой. Сол кезде осы колхоздар Ақсуат ауданына қарайтын болатын.
Сауатсыздықты жою мектебі болып ірге тасы қаланған мектеп 1920 жылы құрылды. Ол кезде байлардан азық-түлік салығы алынып жатқан, сондықтан балаларды бір жерден тамақтандырып, бір жерде жатқызып интернат тәрізді мекеме ашылған.Түске дейін 8-18 жастағы балалар оқиды, түстен кейін үлкендер сауатсыздықты жою мектебінде оқыды.
1928-1929 жылы алғашқы мектеп Қараой елді мекенінде ашылды. 
1940 жылы ұсақ колхоздар бірігіп Октябрь атындағы колхоз болып құрылды.
1941 жылы соғысқа Тарбағатай өңірінен 197 адам аттанды. 100 соғыстан қайтып кеп туған жерде еңбек етті.
1961 жылы Тарбағатай колхозы Аякөз ауданының қармағына өтті.
Тарбағатай совхозында сол кезде қой -36000 бас, мүйізді ірі қара-3000 бас,құс саны- 20 мың. Жылқы-1000 бас .
Жер көлемі 191652 егістік 9489га оның ішінде жүгері 500га. 
Техника ДТ-54 16 шт, МТЗ-5 6 шт, автомашина Газ-51 10 шт болды. Алғашқы колхоз-совхоз директорлары Жанботин Жәкембай, Султанбеков Жағыпар,Қадыров Байділдә,Сүйіндіков Әнуарбек, Қалиев Рамазан, Түсіпбеков Болат, Узбеков Сапар.

1968 жылы бұрынғы Октябрь 8 жылдық мектебі 10 жылдыққа ауысты.
1982 жылы ауыл ортасынан екі қабатты жаңа типте орта мектеп салынды.
Мектеп директоры болған ұстаздар Тышқанов Бидан, Слямов Рахманқұл, Егізбаев Қарпық, Кудерин Сақабай, Сиқымбаев Мұрат, Дінжұманов Тілеуғали, Каримов Қадыртай, Толықбаев Тұрартай, Исабеков Мадат, Биназаров Сәуленбек, Кузекубаева Социял, Құлжабаева Рымтай, Ахметов Төлеубай, Құдайбергенов Өсиет.

Ауыл әкімдері Слямбаев Ардақ,Тусупов Абылмансур,Несипбаев Ахметқали, Слямов Исатай.
Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың білімін әл-аухатының артуына шаруашылық экономикасының көтерілуіне өз үлестерін қосты.
2007 жылы Мәдениет үйі салынды. 2009 жылы мектепте мұражай ашылды.
2010 жылы су құбыры салынды бітуге таяу.

1993 жылы совхоз ұжымдық шаруашылық болып қайта құрылды.
1995 жылы ұжымдық шаруашылық 52 –кі шаруа қожалығына таратылды.
Барлық мал-мүлік негізгі қорлар осы шаруа қожалықтарына бөлініп берілді.

Бахты Құнанбаев, Ахметжанов Шомахан, Капызиев Орынтай, Бақтыбазаров Мәнәп, Омарғазин Мұқан, Түсіпбаев Жәнібек, Молдажаров Кәрім, Ауелғазин Құдайберген, Батталов Рақым, Қасымов Дүйсенғазы, Ешенғазин Төлеубай, Қарапчин Ахметолла, Бектенов Көшкімбай, Мұратханов Кәрім, Қырбақбаев Аралхан, Асылбеков Сләмбай, Алатаев Сәкен, Қыстаубаев Дүйсенбек, Майжанов Құлжабай, Майжанов Ұлан, Өмірзақов Кәрім, Жайықбаев Мұхаметқали, Жұмабекова Бағила, Мухаметқалиева Зағипа, Тайжанова Нұрбүбіш, Тоғызбай Ибрайұлы, Өзібек Мұхаметсадықов, Ғабитов Қадыр, Әлімбай Жаманов, Шопатов Жұмаділ, Ақан Есентемиров, Ешкенов Заманбек, Биназаров Ахметқазы, Тұрсынбаев Мертай, Касянов Сейлхан, Мамырханов Айтбай т.б. көптеген ардагерлер аянбай еңбек етті.

  • Тарбагатайский сельский округ
  • Тарбагатайский сельский округ
  • Тарбагатайский сельский округ

Шымырбаев Шәріп,Өзібаев Әмен, Жұмабаев Төлеубек,Қырықбаев Ешен, Ешкенов Өкетай, Жұмаділов Тлеуберген, Жумаділов Сайлаубек, Молдашов Молдабек, Кәдіров Әскербек, Тұраов Жеңіс, Қалиев Жақсылық, Ахметказин Қадырбек, Ақбейсов Шәйман, Жүнісбеков Сәбен, Омаров Әуелхан,Аралханов Салық, Жабағытаев Ғазез, Өзібаев Әшім, Абзоллин Жанарбек, Жүнісбекова Гүлнәр, Мухатова Рыскул, Қорықбаев Мейірхан, Касьянов Серік, Ошыманов Тілеутай, Ғабдуллин Балтабек, Турлыбеков Мұқан, Әмірханов Мертай, Құдайберпгенов Бейсен, Біләлов Ноғайбай, Аблаев Тұрсын, Сәрсенбин Амантай, Бижуманов Сарқытбай, Құрманғожин Советхан, Байкадамов Сайлау, Тұраров Бейбіт, Жақанов Бейсенғали, Жақсылықов Сайлаубек, Омаров Төленді, Момышов Сақажан, Күйеужанов Кәдірбек, Ошақбаев Әскержан, Әділбеков Меделбек, Құлбеков Аблай, Тойкенов Шаймұхан.

Белгілі тұлғалар

Рахимов Турсынгазы  Толеубаевич Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы 10 қазанда қазіргі ҚХР, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы, Қорымсу ауылында дүниеге келген. 1962 жылы ШҚО, Аягөз ауданы, Тарбағатай совхозы, Малтүгел елді мекені атамекеніне оралған. Осындағы Октябрь орта мектебін 1969-1970 жылдары бітіріп, әскери борышын қазіргі Қырғызстан Республикасы Фрунзе қаласында абыроймен атқарып 1973 жылы елге оралады. 1973 жылы Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебековтің эстрада студиясына оқуға түсіп, ұстазынан үлкен тәлім алған атақты сазгер композитор өзінің алғашқы еңбек жолын Павлодар қаласындағы «Көгілдір Жасыбай» ансамбльінде бастап әнші ретінде екі жылдай қызмет атқарады. 1975 жылы 18 шілдеде сүйген жары сыныптасы Фатимаға үйленеді. 1978 жылы Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда әнші, 1981-1991 жылдары Абай атындағы музыкалық драма театрында әнші, актер болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап өмірінің аяғына дейін Семей қалалық мәдениет сарайында және Мұқан Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаз болып дәстүрлі әннен сабақ беріп шәкірт тәрбиеледі. Ән айтумен бірге ән шығарып Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» әнінен бастап «Аягөз-ару», «Қазағым-ай» атты асқақ та жігерлі, махаббатқа толы ұранды әнімен түйінделген 35 сазды дүниемен ұлы ақын поэзиясын тірі дауысқа айналдырды. 50 ге жуық басқа да әдемі әндері ел жұртының жүрегіне өз даусымен жетті. Еңбегі еленіп 1992 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын алды. 2011 жылы Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медальін иеленді. «Семей қаласының құрметті азаматы», «Аягөз ауданының құрметті азаматы», «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы» атақтары берілді. 2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» медалымен марапатталды. Қазақ әнінің құлагері, әнші сазгер, саңлақ әнші Тұрсынғазы Рахимов еліне арнаған өшпес мол дүниесін тастап 2016 жылы 26 ақпанда мәңгілік сапарға аттанды.
Бейсенгали Жаканов Бейсенғали Жақанов 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1956 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында шопан болып бастаған.
1961 жылы мал бағудан алдынғы қатарлы еңбегі үшін Бейсенғалиға аға шопан атағы берілді. 1962 жылы Лениншіл комсомол ретінде өзін көрсете алғаны үшін КПСС мүшелігіне қабылданды. 1963 жылы Қазақстан жас шопандарының 1-ші слëтіне делегат болып шақырылды.
1966 жылы қой шаруашылығы саласына сіңірген зор еңбегі үшін, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Депутаттығына сайлады және осы жылдары жоспарлау-бюджет комиссиясының мүшесі қызметін атқарды. 1966 жылы қой шаруашылығында көрсеткен жоғары сапалы жұмысы үшін «Трудовое Красное Знамя» орденімен наградталды. 1969 жылы мал бағу саласындағы тиянақты жұмысы үшін Қазақ ССР Ауылшаруашылығы Министрлігінің «Мастер животноводства 1 класса» атағы берілді. 1970 жылы және 1972 жылы «Октябрь Революциясы» орденімен екі рет наградталды. 1971-1984 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік Партиясы съездеріне делегет және Облыстық XV, XIX, XX, XXII партия конференциясында – Қазақстан Коммунистік партиясы Семей облыстық Комитетінің мүшесі болды, Семей Зоотехникалық – мал дәрігерлік институтында да оқып үлгеріп жүрді. 1972 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері құрметті атағы берілді. 1972 және 1977 жылдары алдыңғы қатарлы үздік еңбегі үшін «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді. 1973, 1974, 1975, 1977 жылдары- өте жоғарғы, сапалы жетістіктері үшін «Победитель социалистического соревнования» атағын алды. 1975 жылы «Жас ұлан» атты комсомол –жастар шопандар бригадасын құрды. 1976 жылы шопандар арасында «Комсомол –жастар бригадасының Чемпионы» атанды. 1975-1979 жылдар аралығында екінші рет Қазақ ССР Жоғарғы Советі Депутаттығына сайланды. 1976 жылы «Ленин Орденімен» наградталды. 1981 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудағы аса көрнекті табыстары үшін Қазақ Советтік Социалистік Республикасының «Алтын Құрмет Кітабына жазылды». 1988 жылы ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін «Тыл ардагері» орденімен наградталды. 1989-1994 жылдары талмай атқарған қызметінің арқасында Аягөз қалалық Советінің депутаты болып сайланды, одан соң осы ауданның Үшарал ауылдық Советінде де депутаттық қызмет етті. 2001 жылдан зейнеткерлік демалыста болған Бейсенғали Жақанов 2014 жылы науқастан кейін жетпіс жеті жасында өмірден озды.
Бактыбазаров Манап (Габдиманап) Бақтыбазаров Манап (Ғабділманап) 1924 жылдың 19 желтоқсанында ШҚО, Ақсуат ауданы, қазіргі Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетімдіктің кермек дәмін татып, еңбекке ерте араласады. Он сегізге толған шағында 1942жылы 20 тамызда әскер қатарына алынады. Алдымен, Семейде, кейін Алматы қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін Орел-Курск бағытында болған шайқасқа аттанады. Соғыста артиллериялық полкте оқ-снаряд тасушы міндет атқарады. 1943 жылы Днепр өзені бойында болған ұрыста көрсеткен ерлігі үшін III дәрежелі Даңқ орденімен наградталады. II дәрежелі Даңқ орденімен 1944 жылы жауынгерлер арасында «өлім алқабы» аталып кеткен Украинаның Закарпатье өңірі болған қанды шайқаста жанкештілік танытып, көрсеткен ерекше ерлігі үшін марапатталады. Еліміздің бостандығы, жеріміздің азаттығы үшін болған соғыс жолы Чехословакия астанасы Прага қаласына дейін апарды. Соғыстан кейін қираған қалаларды қалпына келтіру жұмыстарына араласып, туған еліне 1947 жылы оралды.Ауылына оралған майдангер 1948-1949 жылдары сельхоз школада зоотехника факультетінің бір жылдық курсын оқиды. 1949-1962 жылдары Ақсуат ауданы, Жданов ауылында зоотехник, 1962-1968 жылдары Тарбағатай совхозында агроном, 1968-1984 жылдары С.Ғаббасов атындағы совхозда агроном қызметін атқарады. Соғыс және еңбек ардагері жұбайы Раушанмен бірге он бір бала тәрбиелеп өсірген. Қарт майдангер 2012 жылы 23 қыркүйекте тоқсан жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Наградалары:
II және III дәрежелі Даңқ ордендері, Отан соғысы ордені, «За боевые заслуги», «За освобождение Праги», «За победу над Германией» 1941-1945г., «25 лет победы», «30 лет победы», «40 лет победы», «50 лет вооруженных сил СССР», 1995 жылы президент атынан «50 лет победы», «60 лет вооруженных сил СССР», «70 лет вооруженных сил СССР», Совет Одағы маршалы Г.К.Жуков атындағы «медаль в память 1500-летия Киева», «медаль за освоение целинных земель», «медаль ветерана труда за долголетний, добросовестный труд» от имени Президиума Верховного Совета СССР, «медаль 60 лет освобождение Украины от фашистких захватчиков» медальдарына ие.

Бет өзгертілді: 06-06-2018