Тарихи деректер

Мамырсу ауылдық округі

Сергиополь - елді мекені патша заманында салынған бекініс. Іргесі 1831 жылы қаланған. Аягөз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде Аягөз өзенінің оң жағында орналасқан. Мағынасында Серги деген антопоним жатыр. Ал «поль» сөзі «қала, бекініс» мәніндегі славян сөзі.

1757 жылы осы жерде Абылайхан бастаған мыңнан аса қол әскері бар қазақ жағы қалмақтармен соғысты доғару туралы бейбіт келісімге келеді. Қалмақтар жағынан Ежен хан атынан Құлжадан екі мыңдай адам Аягөз суының етек жағы-Батпақсу жеріне түсіп Абылай ханға елші салады. Көк қасқа айғыр мен қара бас қошқар сойылады, қолдарын қанға батырып, шарт бойынша кешірім болып, құн, мал дауы болмайды. Осы жердегі «Лай су» өзенін халық «Мамырсу» деп атап, шарт «Қандыжап, Мамырсу бітімі»-деп аталып кетті.
1918 жылдары революционер С.Ғаббасұлының патша үкіметіне қарсы ұйымдастырған ұйымының орталығы. 1930 жылдардың бас кезінен ұжымшар орталығы болған. 1957 жылдан ұсақ ұжымшарлар негізінде құрылған сүт өндіру бағытындағы кеңшардың орталығы болды. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.

  • Мамырсу ауылдық округі
  • Мамырсу ауылдық округі
  • Мамырсу ауылдық округі
  • Мамырсу ауылдық округі

1860 жылдан Сергиополь, 9-тамыз 2007 жылдан жоғарыдағы «Мамырсу» бітімінің құрметіне Мамырсу аталған елді мекен 1831-1936 жылдар аралығында қазіргі Аягөз ауданының орталығы болған.
Қазіргі уақытта Аягөз ауданындағы ең үлкен елді мекендердің бірі. Ауылда 3/үш/ мыңнан артық халық тұрады. Кеңес Одағы кезінде совхоздың ферма орталықтары болған Бозай, Батпақ елді мекендері ауылдық округ құрамына кіреді. Ауылда ауылдық әкімшілік, Мәдениет үйі, Спорт кешені, С.Ғаббасов атындағы орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, «Қазпочта» бөлімшесі, монша, 10-нан аса дүкен, мал сою пункті, дәнекерлеу цехы халыққа қызмет етеді. 70-тей шаруа қожалықтары, 3/үш/ауылшаруашылық өндірістік кооператив бар.

Белгілі тұлғалар

Хамзин Орынбек Хамзаевич Хамзин Орынбек Хамзаұлы – 1932 жылы 30 шілдеде Сергиопольда туған. Сергиополь орта мектебін бітірісімен ерте еңбекке араласады. Ол – өте өнерлі, ән салғанды, сауық-сайранды жақсы көрген кісі. Жұбайы Күлиша апай екеуі – балаларын оқытып, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған жандар.
Орынбек аға Сергиополь ауылында майталман жүргізуші болып, ауыл шаруашылығын өркендетуге үлкен үлесін қосқан азамат. Совхоз, аудан, облыс басшылары тарапынан грамота, бағалы сыйлықтар алып отырған.
О.Хамзиннің еңбегінің нәтижесін Үкімет жоғары бағалап – 1980 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ерен еңбек ел есінде жүрсе, ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Сұлтанов Әнуарбек Сұлтанұлы Сұлтанов Әнуарбек Сұлтанұлы – 1941 жылы Аягөз ауданы, Сергиополь ауылында туған.
1964 жылы Алматы дене тәрбиесі институтын бітірген. Қазақстанның «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «КСРО тәрбиесінің үздігі». Республикада спорт, оның ішінде грек-рим күресін дамытуға қосқан еңбегі жоғары бағаланып, 2001 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Аягөз ауданының «Құрметті азаматы».
Осы күндері Алматы облысындағы мұғалімдер білімін жетілдіру институтында еңбек етеді. Жыл сайын Аягөз қаласында Ә.Сұлтановтың құрметіне грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында дәстүрлі турнир өткізіліп келеді.
Хасенов Рафик Хасенович Хасенов Рафих Хасенұлы 1930 жылы Сесей облысы, Аягөз ауданы, Сергиополь ауылында туған.Балалар үйінде тәрбиеленген. Ол Аягөз өңірінде партия комитетінің бірінші хатшысы, идеология жұмысы жөніндегі орынбасары аудандық совет атқару төрағасы жұмыстарын атқарған.СОКП-ның орталық комитеті жанындағы жоғары партия мектебіне оқуға жолдама алып,үздік білім көрсетеді.Бұдан кейін аспирантураға түседі, шет тілін оқиды. 1964-68 жылдар Үржар, Мақаншы аудандарында райисполком председательдігіне сайланған. 1965-70ж Москвада КПСС орталык комитеті жанындағы жоғары партия мектебінде оқып,1970 жылдан 10 жыл бойы облысымыздың Көкпекті аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін аткарды. 1980-90ж Семей облыстық статистика басқармасының төрағасы болып еңбек демалысына шыққан. Одан кейін Семей қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, Еңбек жолында абыройсыз болған жоқ.Төрт орден, 10 шакты медалъмен марапатталған. Рафих Хасенұлы екі «Еңбек Қызыл ту», екі «Құрмет белгісі» ордендері және көптеген медальдары мен «Қазақ ССР Жоғары Совет президиумының құрмет громатасымен» марапатталған. Рафих ағаның бүкіл өмір жолы өнегеге толы, ұрпақтары да ғылым жолында.
Жамантаева Гулсимхан Тостикбаевна Жамантаева Гүлсімхан Төстікбайқызы 1957 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген.
Бастауыш сыныпты 1965 жылы Бозай аулынан бастап,1967-69 жылдары Таңсық совхозында оқыған. 1970-75 жылдары орта мектепті Сергиопольде оқып, 1977-82 жылдары Семейдегі Н.К. Крупская атындағы мұғалімдер институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. 1975-79 жылдары жоғарғы оқу орнында сырттай оқи жүріп, «Тау қырандары» атты қой өсіруші комсомол-жастар бригадасында еңбек еткен.1977 жылы партия қатарына қабылданып, аудандық маслихаттың депутаты болған.Сол жылдан бастап, осы мектепке мұғалім болып келген.
Гүлсімхан Төстікбайқызы - 40 жылдай ағарту саласында еселі еңбек ете жүріп, «Қазақ тілі» қоғамы, кәсіподақ, партия ұйымдарының төрайымы, бастауыш сыныптарының меңгерушісі, тәрбие ісі жұмыстарының ұйымдастырушысы, аудандық пионерлер үйінің директоры, мектептегі кеңесшілер тобының, қазақ тілі бірлестігінің,аудандық шығармашылық топтың жетекшісі болған.
Ол - «Ақындар мектебі» клубының, «Өлкетану» мұражайының жетекшісі, «Шешендік өнер» бағдарламасының, «Жыр десте» өлеңдер жинағының авторы.
Білікті маман-қоғамдық жұмыстарға қатыса жүріп, үнемі түрлі іс-шараларды ұйымдастырушы,шебер асаба, жан-жақты өнер иесі.
Жамантаева Гүлсімхан Төстікбайқызы- көптеген ғылыми-жобалар мен мақалар жазған жеңімпаз қаламгер. Алдынан 20- дан аса «Алтын белгі» иегерлері, ақын, айтыскер, асабалар шыққан шебер бапкер . Өзі де,оқушылары да облыс,республика, халықаралық конкурстарының жеңімпаздары болған,өзіне тән дара жолы бар білім бағбаны.
Облыс, Республика көлемінде іс-тәжірибесі таратылып, еңбектері онға тарта жинақтарға енген. «Ауылдың үздік ұстазы» атты Республикалық конкурс жеңімпазы, «Ең үздік ұстаз» атауымен облыстық мұражайға және кітап жинағына еңбектері табысталған. «Жыл мұғалімі-2010» облыстық конкурстағы әкім сыйлығының жеңімпазы. «Іскер әйелдер» атты ІІ облыстық фестивальдің жеңімпазы.
Жаңашыл ұстаз - «Сердце, отданное детям» атты республикалық үздік ұстаздар кітабына енген шығармашыл педагог. Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің «Құрмет громатасы» Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен берілген «Құрмет » орденінің иегері.
Отбасында үш қыз тәрбиелеген ардақты ана. Айгерімі-мұғалім, Арайлымы-дәрігер, Айданасы-Мұнай газ ісі техника -технологиялар мамандығын алған.
>Байшашев Уәп Байшашев Уәп (1913-1981) Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиополь ауылының тумасы.Еңбек және соғыс ардагері.Ұлы Отан соғысында көрсеткен жанкешті ерліктері үшін І-ІІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен,көптеген медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдарда халық ағарту жұмысында, жас ұрпақты тәрбиелеуде атқарған жемісті еңбегі үшін «Октябрь Революциясы» орденінің, «Халық ағарту ісінің үздігі» атағының иегері атанды. Сергиополь ауылындағы С.Ғаббасов орта мектебінде көп жылдар ұстаздық етіп,оқушыларға білім берген. Ол тәрбиелеп өсірген түлектерден көптеген ғалым,министр, әртүрлі деңгейдегі басшылар, қарапайым еңбек адамдары шығып, Отанымыздың барлық жерінде еңбек етіп жүр.
Ұлағатты ұстаздың атына Аягөз қаласында бір көше берілген.

 

Бет өзгертілді: 06-06-2018