Тарихи деректер

Мыңбұлақ ауылдық округі

Құрылымы жөніндегі анықтама

Мыңбұлақ ауылына адамдардың қоныстана бастауы 1910 жылдан басталған Ресейден Ставрополь аймағынан орыс шаруалары келіп қоныстанған. Алғашқылардың бірі Посталана жанұясы. Мыңбұлақ ауылы 1930 жылға дейін,қазіргі тасбұлақ (Сегізбай) совхозының бір бөлімшесі болған.1930 жылы май айында Сегізбай совхозынан бөлініп жеке отау тіккен. Мыңбұлақ совхозының орталығы «Ай» ауылы және 4 фермаға бөлініп біріккен. Алғаш құрылған кезде совхозда 10-15 үй және 60 жұмысшы болған. 1930 жылы жазда Мыңбұлақ совхозы құрылып жатыр екен деп Шығыстан төмендегідей азаматтар жанұяларымен көшіа келіп қоныс тепкен. Ақпаев қадірсіз,Амиртаев Бекши, Атымтаев Сарбас,Байжігітов смағұл, Байжігітов Жұмағұл,Көбелеков Дүйсехан, ,Көбелеков Таңатар,Дүйсеханов Қали, Дүйсеханов Тұрсағұл,Жанкенов Жұмаш,Жолдасов тұрсағұл,Жеткеев Бейсехан,Қазыханов Мусахан, ,Қазыханов Рахымжан, Қазыханов Саукен,Құспеков Нурсаби, Құспеков Адамба, Асылбеков Мырзабосын, Асылбеков Молдабай,Жанбукиров Айткен,Садықов хамза, Рахиянов Шаймар, Рахиянов Хамза, Рахиянов Шакен, Өзеханов Мухаметжан,Тұрсынғожанов Нұрғали,Олжабаев Күзеубай,тұяқбаев Нұрғазы,Жолғажанов Ахметхан.

Алғаш құрылғанда совхозда 200 бас, ірі қара 350 бас жылқы, 500 гектар егістік жер болды. 1931 жылы бірінші рет 3 «Фордзон» маркалы трактор келді. 1935 жылы 10 «СТЗ»-Нати тракторы 1 ЧТЗ тракторы екі «Полуторка және ЗИС» машинасы келді. 1930 жылдан -1940 жылға дейін төмендегідей азаматтар совхоз директорлары болған: Петров Ю.П,Ничитайло Н, Горянов Т.И,Шарипов А.И.

1932 жылы Мыңбұлақ орта мектебінің ірге тасы қаланды.1932-1951 жж бастауыш мектеп, алғашқы директоры Альпинский, 1952-1955 жж жеті жылдық мектеп болды директоры Қасенғазин Ғаббас ,1956 жылдан бастап -1991 жылға дейін орыс-қазақ тілінде оқытатын мыңбұлақ орта мектебі болып құрылды.1991 жылдан 11 жылдық Мыңбұлақ орта мектебі болып өзгертілді. Әр жылдар мектеп директоры болып Ақатаев Махмұт, Бейсенов Зейнолла, Какен Нұрхайдаров Надир Жоманов, Динжуманов Тлеуғазы қызмет атқарды.

Мектеп түлектерінен 1 ғылым директоры 4 ғылдым кандидаты 19 адам еліміздің әр түкпірінде партия кеңес қызметінде болды. Экономика ғылымының докторы Закшевский Егор ауыл шаруашылық министірлігінде, техника ғылымның докторы Сыдыков Ғабдулсан Қазақ ССР академиясында қызметінде болды. 1964 жылы 320 балаға ыңғайланған типтік мектеп салынды. 1973 жылдан 2005 жылға дейін мектеп директоры болған Тлеуғали Омашұлы мектептің аудан, облыс,одақ көлемінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетуіне көп еңбек сіңірді. 1977 жылы СССР-дегі Мәскеу қаласында ВДНХ-да мектеп ұжымының озық іс-тәжірибесі «Халық ағарту ісі» павильионына қойылды.

2002 жылы аға оқытушы Байжігітова Рыскеннің бастауымен «Мыңбұлақ құтты мекенім» мұражайы ашылды. Мұражай мектепте тұрақты жұмыс істейді. Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен ұлағатты ұстаздар Сәкен Түсіпбеков, Зейнолла Бейсенов, Қайыртай Ақылтаев, Антонина Роман,Наталья Шункунова, Омарова Ғапура, Нұрзекен Акимова,Шәріп Ғабитов 1960-2010 жылдарда мектеп ұясынан 2500-ға тарта түлек түлеп Ұшты.1934 жылы совхоз кеңсесі,наубайхана,клуб,магазин, байланыс бөлімшесі,монша салынды. Машина трактор жөндеу мастерскойы,ұстаханасы,диірмені болған. Совхоздың алғашқы трактористері: Кун Ида, Феттер Марта, Жолғажанова Капиза, Мухамеджанов Дюсен, Сарсекеев Жуман, Маукебаев , Шахов, Моторный 1934 жылы әр фермадан 4 кластық мектеп үйі салынды.

Мыңбұлақ совхозын 1938-1940 жылдары Сатыбалдин, 1950-1952 жылдары Абилов Ғалым,1952-1953 жылдары Иполитова Любовь,1953-1954 жылдары рагозин,1954-1959 жылдары Соц.еңбек ері Мырзабеков ысмағұл, 1959-1968 жылдары уажанов Төкен,1968-1970 жылдары Алмухаметов Акан,1971-1980 жылдары Омарханов куспек,1980-1989 жылдары ауыл шаруашылығының ғылым кандидаты Таңірбергенов Ерғазы,1989-1993 жылдары серікбаев Төлеуғазы, 1993-1996 жылдары Тусупбеков Болат директор болып басқарды.

1996 жылы совхоз 50-ге тарта шаруа қожалығына бөлінді. Алғашқы әкімі Ибраимов Кенжеғул.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Мыңбұлақ ауылынан 132 азамат майданға аттанды. 47 азамат қана елге аман оралды. Қалғандары ұрыс даласында шаһит болды,хабарсыз кетті. Совхоздағы алғашқы коммунист Жамал Татубаева ерін соғысқа аттандырып бір табын сиыр баққан, осы аданың бастауымен О.Мырзанова, Р.Умбетова.Н.Ибраева апаларымызда табын-табын сиыр баққан. Ескінің көзі тірі шежіресі Несіп апамыз қазір 106 жаста.

Ірге тасы бірінші бесжылдықта қаланған Мыңбұлақ совхозының шаруашылығы өрге басып 1948 жылы бұзау алуда, ет, сүт өндіруден өте жоғарға табысқа жетіп 12 адам СССР орденімен марапатталды.Ақбаев Қайрақбай 100 сиырдан 100 бұзау алып, әр бұзаудың салмағы 180кг жеткізіп етке өткізгені үщін Соц. Еңбек ері атағы берілді.Қызханова Раукен Ленин орденімен марапаталып,Қаз.Жоғарғы Советінің депутаты, Шакармова Базарғайша Каз. Цик-тің мүшесі,Рахиянов Қамза ленин орденімен марапатталды .

5 адамға Еңбек Қызыл Ту ордені берілді; олар Поштабаев ақкенже, Рахиянова Жумағайша,Ақбаева Қауа, Адилбекова Шарипа, Поштабаева Қанипа, аділбеков Оспан мал бордақылап етке өткізуде облыстың чемпионы атанып Москваға ВДНХ-ға барған 1954 жылы.

1950-1976 жылдары экономикасы тұрақты дамып әр жылдары облыстың Республиканың Құрмет тақтасына жазылды, Қазақстан Республикасының Қызыл Туы сақтауға берілді. Осы жылдары Мыңбұлақ территориясынан 4 совхоз бөлініп шықты, С.Ғаббасов,атындағы қой совхозы, Ақши, КПСС ХХV-съезі атындағы Бақанас совхоздары. 1980 жылы әр аналық сиырдан 95 бұзаудан алып,бордақылаған өгізшенің салмағы 460 кг жеткізіп етке өткізгені үшін көптеген совхоз механизаторлары мен малшылары Өкіметтің жоғарғы орденімен марапатталды. Мамырбеков Сметхан Ленин орденімен, Темірғалиев қайырлы, Жолбарысов Төкен, Жанатаев Жолан, Құсайынов смайыл, Садуақасов Қайрош, Нұрғалиев Шапет, Нұрманбеков Қайрғазы, Дүйсенов Шайхыжан, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құдайбергенов көпжасар, Умбетов Қабылаш, Жакенбаев Қуатбек, Байбакиров Шакер, Шохманов Болеухан, Қожабаев МусашҚұрмет белгісі орденімен және көптеген адамдар медалдармен марапатталды.

1980-1990 жылдар совхозда 5 ферма болды. 4-ші фермада,қазіргі «Кеңқолат» ауылы механикаландырылған ірі мал бордақылау комплексі жұмыс істеді,өгізшелер 4-группаға бөлініп,әр группада 250 өгізше, мыңға тарта өгізше бордақылауда тұрды. 1979 жылы кірпіш заводы ашылып,жылына 1 млн тарта кірпіш шығарды. Үй саны 650-ден асты,75 орындық емхана, 2 қабатты совхоз кенсесі ,400орындық мәдениет үй, 4 кітапхана, 10 магазин, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, 20 орындық монша, 120 орындық интернат және 120 орындық балалар бақшасы Халық игілігіне қызмет етті. Халық санының өсуіне байланысты 1 фермада қазіргі «Желдіқара» ауылы 1980 жылы 11 жылдық мектеп ашылды.1989-1990 жылдары совхозда 4750 ірі қара,380 жылқы, 3000 қой, 9434 га егістік жер болды. 1950-1990 жылдары ішінде совхоздың экономикасы көтеруде өз үлесін қосқан азаматтар: Нұрахметов Садуақас,Баймухаметов Байткен, Қазыханов Раукен,Абишев қизат, Ырғаев Болат-партия ұйымының хатшысы болды. Жакупбаев Шакен, Борбасов Молдағали, Чокежанов Мүлік, Жеткеев Бекен,Мухаметжанов Дүйсен, Наурызбаев нүсіп,С.Абишев,Дюсеханов Мұрат, Куренкеев Селубай ,Азимжанов Құдайберген, Жолбарысов Төкен,Меңлибаев Төлеуғали, Шакаримов Мағауия, Құсбеков Тұрсынғазы, Сағындықов Тоқтыбай,Бураханов Аманғали,Жунусов Құдайберген әр салада жұмыс істеген осы азаматтарда аянбай тер төкті.

Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп,ел құрметіне бөленген,ұлын ұяға,қызын қияға ұшырып отырған «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» көптеп саналады. Олар Сағындықова Галя,Нұрғалиева Клара,оразханов Шакен,Менлибаева З,Чокежанова Ш, Борбасова Г,Оспангазина К,Бураханова З.Дюсеханова Р.Нурпейсова К.Тойкена К,Солтаев З,ахметова Г,Аубакирова Н,Байбакирова Қ,Ахметова Ж,Абдилдина С ,Тұяқбаева Б,Жеткеева Ш,Куренкеева К,Мадимова М. Ерлік еңбектерімен үлгі -өнеге, із қалдырған,еңбек және соғыс ардагерлері: М.Асылбеков, Оспангазин Т,Наурызбаев А,Сарсекеев Ж,Ныгметжанов О,азимжанов А,Сембинов Т, Темиргалиев Ж,Аманбаев Ш,Қалиев К,Қалиев Т,Өтегулов С,Амиртаев Б,Расторгуев К,умбетов У,Ибраев Ж,Тұяқбаев Н,Меңлибаев Т,Байжігітова Н,Жеткеева А,Жанбукирова Н,Дюсеханов Р,Жанатаев Ж,Шонашев А,өзбеков А,Тусупбеков Ш,Өзбеков А,Ақшалов Н,Юқасқанов Б,Аубакиров Р,Роман В,қулымжанов Қ,Дарауызов С,Батырханов Н және қазір арамызда жүрген қадірлі ақсақалдар: Қ.Нурманбеков, Ж.Мағауиянов, Қ.Умбетов,М.Бегешов, Б.Шохманов, Т.Жолбарысов, А.Абдырахманов, Ғ.Худушев, қ.Дюсеханов, Қ.Қопабаев, Т.Жакашев совхоздың өркендеуіне өзіндік үлес қосты.

Ауыл халқының денсаулығын сақтауда күндіз-түні еңбек еткен,кезінде соқырәшекке операция жасаған ақ халатты абзал жандар. Алғашқы дәрігерлер: Ж.Шалтаев,К.Қалиев, А.Көтелбаев,С.Рахимжанов, Қ.Алдонғаров, Б.Әрипов және мед бикелер ОМукушева, К.Шалтаева, қ.Абдрахманова, А,Сағатбекова, К.Сапарбаева, О.Байжігітова ауыл халқына дәрігерлік көмек жасай отырып, тұрмысының жақсаруына мәдениеті мен экономикасының көтерілуіне жемісті жұмыс істеді.

Белгілі тұлғалар

Умбетов Уали Умбетов Уали 1908 жылы Шубартау өңірінде Байқошқар деген жерде кедей шаруаның отбасында дүниеге келген 1933 жылы Умбетова Рақышпен отау құрып үш бала тәрбиелеп өсірген. Умбетов Уали 1932-1933 жылдары Шұбартауда жастар ұйымын басқарған 1933 жылы Мыңбұлаққа қоныс аударып бір табын сиыр баққан 1942 жылы елін, жерін қорғау үшін Ұлы Отан соғысына атанған. Соғыста Украина жерінде болған, алдынғы шефті болып немістердің не жасап жатқанынан ақпарат әкеліп отырған. Бірде Дон өзенінің үстінен салмен өтіп бара жатқанда немістер байқап оқ ата бастайды сол жолы қатты жараланып Қазан қаласының госпиталына түседі. Алты ай госпиталда жатып соғысқа жарамайды деп ауылына қайтарады,ауылына келіп бақташы боп бір табын сиыр бағып жақсы еңбек еткен 1948 жылы еңбегін бағалап «Еңбек Қызылту» және «Құрмет белгісі» орденімен марапаталған. Қазақстаның ең үздік бақташысы деген куәлігін табыстаған. Мыңбұлақ ауылы бойынша ең алғашқы КПСС 1947 жылдан мүшесі болған.
Жакудинов Абдулхак Жакудинов Абдұлхақ 1903 жылы Ақшатау ауылында дүниеге келген . 1941 жылы 30-шы тамызда Мыңбұлақ ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанады. Майдан шебінде жүрген кезінде бірнеше рет ауыр жарақат алады. 1943 жылы сол жақ қолдан, 1945 жылы сол жақ иықтан ауыр жараланады. Әсіресе 1944 жылдың 10-шы науырызында алған «Сквозное пулевое ранение особой тяжести левого бедра мягих тканей» бейбіт өмірінде де зардап шектірді ). Қырық жыл қырғын болсада, ажалы бар ғана өледі демекші, Абдұлхақ Ұлы Отан соғысынан еліне аман-есен оралады. Жакудинов Абдұлхақ соғыстан кейінгі ауыр жылдары тер төгіп, ауыл шаруашылығын қалпына келтірудегі еңбегімен елге танымал болған жан. Абдұлхақ ата мамандығы бойынша ветфельшер. Мыңбұлақ- Абдұлхақтың кешегі жастық шағын, кейінгі ел танып, еңбегімен ер атандырған мекені.Осы совхоздың ірге тасын қаласқан Жакудинов Абдұлхақ өзінің саналы ғұмырын, күш қуатын, білімін мал емдеуге арнаған. Өмір бойы ауыл шаруашылық саласында адал да абыройлы еңбек етті. Жерге тер төгіп,халқы үшін қан төгіп қызмет еткен ердің еңбегін үкімет жоғары бағалап, «Ерен еңбегі үшін» медалін, 1972 жылы«Еңбек ардагері» абыроймен иеленді.
Кайракбай Акбаев Ақбаев Қайрақбай (1908- 2002) – Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жасынан еңбек етіп, ел құрметіне бөленген жан. Мыңбұлақ кеңшарының алғаш ірге тасын қалаушылардың бірі. Ірі қара мал түлігін күтіпбағып, оның тұқымын асылдандыруда қол жеткізген табысы ересен. Ұлы Отан соғысына өз еркімен барып, соғыс аяқталған соң туған топырағына оралып, бастаған ісін әрі қарай жалғастырады. 1945 жылдан зейнет демалысына шықанша Мыңбұлақ кеңшарында ірі қара мал өсірумен айналысады. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі ескеріліп, «Қызыл жұлдыз» орденімен, көптеген әскери медальдармен марапатталды. Қайрақбай Ақбаев еңбектегі жетістігі үшін «Октябрь Революциясы», екі мәрте «Ленин» ордендерінің иегері. 1948 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді 20 жыл бойы бірнеше мәрте Халық депутаттары обылыстық, аудандық селолық Кеңес депутаты болды. Ресімей марапаттардан өзге Қайрақбай ақсақал өз кісілік келбетімен елжұртының зор құрметіне ие болған жан.
Мендилбаев Толеугали Меңлібаев Толеуғали 1921 жылы 7 тамызда Аягөз ауданы Шынғожа ауылында дүниеге келген. 7 жасында ата-анасынан жетім қалып, Сергиопл балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алған. Бертінде Шыңғожа ауылындағы немере ағайындарының қолында болып, 1941 жылы әскерге алынады. Онда панфиловшы гвардияшылар дивизиясының құрамында болады. 1942 жылы Сталинград түбінде алғаш соғысқа қатысады.
Осы майданда қатты жарақат алып, госпитальда емделіп шыққан соң,қайта соғысқа аттанады. Соғыста көптеген жерлерде болады. Атап айтсақ 8-атқыштар дивизиясында 350-ші атқыштар, 28- панфиловшылар құрамында болады. 1945 жылы «Брест» түбінде жараланып, сауықан соң қайта «Берлин» түбіндегі шайқасқа қатысады. Онда жарақат алып, Куштерн қаласындағы госпитальда жатады. 1945-1947 жылдары Германияда бас штабта комендант болып қызмет істеп, 1947 жылы еліне оралады Әр түрлі медаль. Ордендерімен марапатталды. Атап айтсақ, «Қызыл жұлдыз» I-II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен «Маршал Жуков» «Ерлігі үшін» орденімен т.б көптеген медальдарымен марапаталған. Меңлібаев Толеуғали – Отан үшін от кешкен майдангер, II-ші топтағы соғыс мүгедегі, Еңбек ардагері. Зейнеткерлікке шықанға дейін Мыңбұлақ ауылында еңбек етіп, еліне елеулі болды. Жақыпжанқызы Зауремен 50 жыл отасып, Мыңбұлақ ауылында тұрып 10 бала тәрбиелеп, немере шөбере өсіріп, ұрпағымен мың жасап, 2006 жылы өмірдең қайтты.

 

Бет өзгертілді: 06-06-2018