Тарихи деректер

Малкелді ауылдық округі

Округтің тарихы

1929 жылы үш ауыл: Жетінші ауыл-Қорық ауылы Оныншы ауыл- Құр ауылы, нбірінші ауыл–Малкелді ауылы болып коммуналар құрылды. 1931 -1932 жылдары осы үш ауыл Серіктік болып құрылды. 1934 жылы үш колхоз болып құрылды. «Социал» колхозы, «Тельман» колхозы, «Алғабас» колхозы. 1938 -1939 жылдары осы үш колхозда 47 үй, 1470 бас қой, 45 бас ірі-қара, 22 бас жылқы болған.

1950 жылы осы үш колхоз бірігіп іріленген «Алғабас»колхозы болып құрылды. 70 үй, 2700 бас қой-ешкі, 70 бас ірі қара, 60 бас жылқы болған. 1961 жылы «Алғабас» совхозы болып құрылды. Алғабас совхозын 1961-1965 жылдары У. Сатаев, 1965- 1972 жылдары Б.Әмірбеков, 1972- 1977 жылдары М.Мұхамедияров, 1977–1983 жылдары Н.Саменбетов, 1983-1985 жылдары А.Әбдіхалықов, 1985-1987 жылдары Ә.Райымқұлов, 1987-1989 жылдары А.Оразбеков, 1989-1993жылдары Д.Мақашев, 1993-1996 жылдары Б. Ботабековтар басқарды.

1961-1990 жылдары «Алғабас» совхозы 40-мың бас қой, 1300 бас ірі қара, мың бас жылқы, бар егістік даласы 29000-30000 га, халық саны 2 –мың адамға өсті.

1961- 1991 жылдар ішінде ауылдық кеңес төрағалары болып Қ. Балықбаев, Т.Байғожин, А.Ожықов, А.Сабырбаев, Е.Шаяхметов, С.Бейсенбаев,М. Шайкенов, Б.Бижанов, А.Сарқытбаев, Н.Әзімбаевтар істеді. Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық эканомикасының көтерілуіне өз үлестерін қосты.

1970 жылы ауылымыздың орталығына мектеп үйі салынды. Сол оқу жылында 350 оқушы кабинеттік жүйемен 13 класқа бөлініп оқыды.
1970-2010 жылдары Д.Дармурзин, Б.Дармурзин мектеп мүдірлері болды. Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаздар: Н.Ұзақбаев, Б. Кенжебаев, С.Тайпакова, М.Шайкенов, Е. Жакиева, Қ.Сейілбекова, Р.Аманбаева, Д.Оразханова, Ш. Фазылжанова, А.Тайгуллин, 1972 -2010 жылдар мектеп ұясынан 1029- ға тарта түлек түлеп ұшты.

1975–1985 жылдар арасында аулымызда электр қуаты, АТС, аурухана, балабақша, мәдениет үйі, мектеп- интернат салынды. 1992 жылы совхоз ұжымдық шаруашылық болып қайта құрылды. 1996 жылы шаруашылық 17 шаруа қожалығына тарады. Барлық мал, мүлік негізгі қорлар, осы шаруашылықтарға бөлініп берілді. Кезінде колхоз құрылысының бертінде совхоз эканомикасының дамуына Б. Асаубаев, А. Сейітбеков, М.Алипбеков, Карипбаев, Т. Мәніғұлов, С.Байсарин, Б.Сайынов, Қ.Уақбаев, Т. Елеусізов, Ә.Абдыкалыков, К.Боғаева, Қ.Мажрина, О.Сейілбеков, А. Елубаев, С.Тюленбаев, Б.Собыханов, И.Исайынов, Ш.Кержіков, А. Домбаев, А. Боғаевтар аянбай тер төкті. Аулымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп, ел құрметіне бөленген,

ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып отырған “Батыр аналар”: көптеп саналады, олар Б.Қазыбаева, С.Әзімбаева, Р.Тұрғанбаева, Ж.Асайынова, Б.Ильясова, Р.Бейсенбаева, Қ.Шөнгелова Б.Өлеңбаева, К.Скатаева, Қ. Жұмабаева, К.Имашева, Е.Қажығапбасова, Т.Ибраева, Н.Азимова, Д.Тайпакова, Р.Тобықбаева, М. Бижанова, Б.Тауықбаева, Н.Орынбаева. Ерлік еңбектерімен үлгі-өнеге, із қалдырған, Еңбек және Соғыс ардагерлері: Н.Бірталаев, Н.Актаев, Т.Сейілбеков, Қ.Әліпбеков, Ә.Түсіпжанов, Ш.Сағындықов, О.Қаншыров, Қ.Бақбергенов, Қ.Қашымашимов, Т.Науанов, К.Мамырбаев. Қазір арамызда жүрген қадірлі ақсақалдар; Н.Саменбетов, Қ.Тобыкбаев, А.Рымгожин, Ф.Таукенов, Т.Шамиев, А.Шаяхметов, К.Сейфоллин, Б.Манекин, Б.Ахметжанов, Т.Болысбаев, С.Рахимов, А.Абенов, А.Оразаев Соғыстан бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге, шаруашылық эканомикасының өркендеуіне, ауыл адамдарының тұрмысын жақсартуға ат салысып, жан аямай еңбек етті.

 

Бет өзгертілді: 06-06-2018