Тарихи деректер

Қопа ауылдық округі

Б. Майлин ауылдық округінің тарихы

Б. Майлин округінде Б. Майлин атындағы совхоз 1964 жылы құрылған. Орталығы қазіргі Ескі Майлин ауылы болатын. 1972 жылдан бастап Б. Майлин совхозы орталығы жаңа Майлин деп аталып, Аягөз қаласынан 24 км жерге салынды. Осы жылдар ішінде совхоз экономикасы өркендепжаңа Майлин орталығына дейін тас жол салынып, ауылдың ішіндегі көшелер құм грави араласқан материалдармен көтеріліп, 200 ге дейін жаңа үйлер салынды. Совхоз орталығы қасында 2000 бас ірі қараға арналған сүт бағытындағы комплекс салынды. Орташа есеппен осы жылдары 20 000 бас қой, 700 бас жылқы, 2000 мөлшерінде ірі қара жыл басына малдар қосып, өсіріліп мал шаруашылығы өнімдері өсіріліп, жылына орта есеппен 350 тн ет, 860 тн сүт өндірілетін. Аягөз қаласын және бюджеттік мекемелерді сүтпен қамту Майлин, Сергиополь совхоздары міндеттеріне жататын.
Б. Майлин совхозы теміржолдың подхозы №2 совхоз негізінде құрылған. №2 совхоз 1946 жылы құрылған, орталығы ескі Майлин ауылы. Қарасу, Қарабұлақ, Көксу және қазіргі Қопа селолық округіне қарасты Қазбек ауылдары №2 совхоз фермалары болып есептелетін.
№2 совхозында ерен еңбегімен көзге түскен заманында егін егіп, шөп дайындап, қызы- жазы малдың амандығын қамтуға үлес қосқан адамдар: Қарабеков Төлеген-1935 ж, Сағындыков Серікқазы-1928 ж, Мустакиев Алдаберген-1944 ж, Мырзабаев Тілеуберді- 1944ж, Қарабеков Сағындық- 1932ж, Бөлегенов Бисенбай- 1934ж, Таникенов Тлеген-1934, Камалов Насибат-1938ж, Қыздаров Айтжан-1939ж, Таникенов Сакен-1937ж, Мусурманов Құдайберген-1944 ж, Қазыбаев Садуақас- 1930 ж, Қансейтов Абежай-1934 ж, Құттыбаев Төлеген-1937ж, Ажитаев Мұрат- 1917ж, Шишев Серікбай-1917ж, Қарабеков Амантай-1942ж, Мухамадиев Дауіт-1925ж, Молдабеков Мырзабек-1935ж, Көкеев Рахман, Оспанов Райымжан-1937ж, Нургалиев Бейсенғазы- 1932ж, Бөлегенов Құрманғали, Даданкулов Тыныштық-1944ж, Иванов Павел-1934, Аразалинов Қанапия-1932, Тоқтағанов Ықсан, 1934, Сеитов Кенжеғали-1925ж, Сеитов Қажығали-1918, Сейтов Айтмухамет-1938ж, Сеитов Есенгелді- 1940ж, Сеитов Нурмухамбет-1945ж, Мухаметрахимов Қыдыр-1932ж, Майрупов Сарқытбек-1936ж, Камаров Төлеуғазы -1935ж, Мухаметжанов Қыдыр-1932ж, Мамиленов Оразғали-1924ж, Бестонов Ануарбек-1939ж, Бестонов Мұрат-1949ж, Иманбеков Жумабек-1926ж, Аразалинов Нуртан-1949ж, Қилыбаев Кеңес-1938ж, Иманбаев Сағынтай-1938ж, Қарғабаев Мұхит, Мырзағазиев Құсайн-1917ж.
1964 ж Б. Майлин совхозы құрылғаннан кейін де аталған адамдардың көпшілігі өз еңбегімен совхоздың өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Алтын және күміс алқа алған аналар: Турлыбекова Бейсхан, Камалова Жамал, Мусурманова Кенжеш, Жаркеева Кульпаш, Шакенова Тыныштық, Иманбаева Гүлжанат, Жумажанова Гүлсім, Нурбекова Фарида, Оразгалиева Күмісхан, Мырзабаева Екатерина, Ахметжанова Алтынғайша, Шаукенова Сакежан, Мамырбекова Ашкен, Қасқабаева Ғалия, Жартыбасова Назигүл, Кансейтова Насихат, Шакенова Ғазиза, Усерова Айнагүл, Мухиева Зейнеп, Бижасанова Роза, Мырзаханова Кенжеғайша, Баймухамбетова Нажида, Жадранова Аманғайша, Мырзағанова Серікқайша, Сыдыкова Раушан.
Соғыс ардагерлері: Мустафин Сатыбалды 1925 ж, Мамиленов Оразғали 1924ж.
Ерен еңбегі үшін марапатталғандар: Молдахметов Женер тракторист- Еңбек Қызыл Ту ордені, Узаков Оқан шопан- Құрмет белгісі, Абыдкаримов Оразымбай- шопан Еңбек Қызыл Ту ордені, Мустакиев Алдаберген тракторист- Еңбек Қызыл ту ордені, Мусурманов Құдайберген тракторист -Құрмет белгісі.

Белгілі тұлғалар

Ргаев Болат Рақымғалиұлы

Ргаев Болат Рақымғалиұлы – 1947 жылы Аягөз қаласында туған. Семейде пединститутты бітіріп,еңбек жолын 1966 жылы Аягөз қаласындағы әскерилендірілген теміржол күзетінде бастаған. 1968 жылдан  Аягөз аудандық атқару комитетінде нұсқаушы, Жүзағаш орта мектебінде мұғалім,интнрнат меңгерушісі, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі. 1977 жылдан Майлин ауылдық Кеңесінің төрағасы, Мыңбұлақ савхозында портком хатшысы,Таңсық ауылындағы К.Кәдіржанов атындағы орта мектеп директоры, 1991 жылдан Майлин атындағы орта мектеп директоры. 1997 жылы ҚР-ы  Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2005 жылы ҚР-ы Конституциясының 10 жылдық медалімен марапатталған.  



Молахметов Женер Тарпанбайұлы

Молахметов Женер Тарпанбайұлы- 1942 жылы Алматы облысында туған.1962 жылы училище бітіріп,механизатор мамандығын алып,еңбек жолын Аягөз вагон депосында слесарь болып бастаған.Соңынан аудан шаруашылдықтарында механизатор болып зейнеткерлікке шыққан.1972 жылы еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Нашанов Рамазан Дүйсенғазыұлы

Нашанов Рамазан Дүйсенғазыұлы- 1938 жылы Жарма ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы зоотехник.1959-1974 жылдары Таңсық, Б.Майлин, Жарма ауданының 1 –Май совхозында мамандығы бойынша еңбек еткен.1974-1976 жылдары С.Ғаббасов атындағы совхоздың партия ұйымының хатшысы.1981-1989 жылдары аудандық ауылшаруашылық өнімдерін дайындау және сатып алу инспекциясының инспекторы, Б.Майлин атындағы совхоз директоры болып жұмыс істеді.1989-1998 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққанша аудандық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы қызметін атқарған.

Абдыкаримов Оразымбай

Абдыкаримов Оразымбай-1936 жылы Қытай Халық Республикасында туып,1962 жылы тарихи отанына  оралып,Аягөз аданының Б.Майлин атындағы кеңшарына шопан болып жұмысқа орналасады.Ауданның қой түлігін өз төлі есебінен көбейтуге айтулы үлес қосқан шопан. Бірнеше жылдар бойы төл алудан аудан,үш жыл қатарынан облыс чемпионы болған үздік еңбеккер.Ол жүз саулықтан 150 қозы алып, ауданның абсолюттік чемпионы атанған.Бірнеше мәрте Бүкілодақтық Халықшаруашылық Көрмесінің алтын,күміс медальдарын жеңіп алған. Еңбектегі табыстары үшін екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Тұрысбеков Бақтыбек

Тұрысбеков Бақтыбек -1962 жылы  10 қаңтарда  Жарма ауданы Мариновка ауылында  дүниеге келген. 1969-1979 жылдар аралығында Жарма ауданы,Октябрьский совхозы, Мариновка ауылында орта білім алды.  Еңбек жолын 1979 жылы «Тұлпар » комсамол жастар бригадасында шопан болудан бастап,1982-1989 жылдарда Георгивка селосында слесарь, Майлин селосында аппаратура жөндеуші,бақылаушы-механик болып жұмыс істеді. 2002 жылы  Майлин  ауылдық округте «Бексұлтан» шаруа қожалығын құрып,ірі қара малын,ұсақ мүйізді малын және жылқы малын асылдандыру және мал басын көбейту жұмыстарымен айналысады.

 

Бет өзгертілді: 04-06-2018