Тарихи деректер

Мәдениет ауылдық округі

1994 жылы желтоқсан айында «Көктал» совхозы Тойсары Бейсенбай атындағы ауыл шаруашылық кәсіпорыны болып құрылды. 1996 жылдың наурыз айында ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік коопаратив, 14 шаруа қожалығына таратылды. Барлық мал мүлік негізгі қорлар осы шаруа қожалықтарына серіктестіктерге таратылып берілді.

Кезінде колхоз құрылысына, бертінде совхоз экономикасының дамуына Ә. Дөненбеков, М.Нұртбаев, Қ. Қажығалиев, А.Омаров, В Броткин, М.Мұқашев, И Ағыбаев , Қ Жұмабеков , И Кәкіжанов, І.Есімбеков, Е. Әбеуов, Т.Үйсінбев , С.Мұқашевтар аянбай тер төкті. Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп ел құрметіне бөленіп отырған батыр аналар көптеп саналады. Олар: Қ.Нағашбекова, М.Омарова, М.Қаймолдина, Ж.Бөпетаева, Б.Ыбырайханова, К.Рахымжанова, С. Жүзжасарова т. б. Ерен еңбектерімен із қалдырған соғыс және еңбек ардагерлері Б. Мансуров, Е.Сейфулдин,Б.Уйпеков, С.Жұмаханов, А Жақанбаев, Ж Әздеков, Қ Жұмабеков кезінде совхоз экономикасын көтеруде аянбай еңбек етті.

Ауылдық округте 1040 халық тұрады. Орталығы Мәдениет ауылы, аудан орталығынан 150 км қашықтықта орналасқан. Табиғаты қатал, қысы ерте қараша айының басында түсіп сәуір айының ортасына қарай кетеді. Қаңтар , ақпан, айларында қатты аяздар болып боранды болып келеді. Ауыл эканомикасының негізі мал шаруашылығынан құрылғын. Қуаншылық жылдары қатаң мал азығының таршылығы сезіліп тұрады. Қатаң мал азығы негізінен 700-800 га суармалы Қусақ және жанындағы 600 га көлеміндегі Сартайпақ учаскелерінен дайындалады. Округте 21 шаруа қожалығы бар, шаруа қожалықтары негізінен мал өсіріп ,мал өнімдерін өндірумен шұғылданады. Ауыл халқына мәдени қызмет көрсету үшін, казпочта, АТС, дәрігерлік амбулатория, 2 –кітапхана, мәдениет үйі тұрақты қызмет етуде. Ауылымызда – жобамен 624 балаға арналған мектеп ауыл балаларына сапалы білім саналы тәрбие беруге үлкен жұмыстар атқарылуда. Мектебіміз Қазақстан Республикасына белгілі сазгер Еркеғали Рахмадиев атымен аталады. Мектеп оқушылры Ұлттық бірінғай тест тапсырудан облыс ,аудан мектептерінің алдында, жылма- жыл жоғарғы білім сапасын көрсетіп келеді. Мектеп ішінде спорт зал, кітапхана, өлке тану музейі оқушыларға қызмет көрсетеді. Мектеп ішінен 3- 3,5 жастағы бүлдіршіндерге қызмет көрсету үшін кіші орталық ашылған. Бүлдіршіндер бір уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ауыл жастары мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан құралған ерлер волейбол командасы ауылдық жастарға үнемі топ жарып І – ІІ орындарға иеленіп келеді.

Ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен біріге отырып іс шара қабылдап жыл сайын жаңа жылды қарсы алуға, наурыз мерекесін өткізу, 9 мамыр Ұлы Жеңістің күндерін, балаларды қорғау , саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу , ата заңымыздың туған күнін атап өту т.б. даталы күндерді жылма – жыл тиісті денгейде атап өтіп отырады. Ауылымызда салынап жатқан жаңа мешіт үйіне Дағанды шаруа қожалығының бастығы 550 мың теңге демеушілік жасады. Мешіт үйіне демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарымен жеке адамдар:
1. Аздеков Мұхаметқан «Медеубек» шаруа қожалығы – 5000 теңге
2. Әзербаев Қыдырхан «Ақжол» шаруа қожалығы – 1 бас қой
3. Үйсінбев Тұрарбек «Шалқар» шаруа қожалығы– 1 бас қой
4. Құрманғалиев Оралхан «Серікжан» шаруа қожалығы – 2 бас қой
5. Жұмабеков Құлынтай «Бекзат» шаруа қожалығы –1 бас қой
6. Жангелин Қанат - 1 бас тоқты
7. Бақторазов Жұмаш - 1 бас қой
8. Мұхаметжанов Сейсек – 1 бас қой
9. Аздеков Жұман – 1 бас қой
10. Асылханов Серіктай – 1 бас қой
11. Хамзин Қазбек – 1 бас қой
12. Көксегенов Ақаш – 10000 теңге
13.Омарбаев Рақым – 1000 теңге
14. Құрманғалиев Айтқали – 30000 теңге
15. Ғайсин Санақ – 1 бас қой
16. Әміртаев Мұхтар -2000 теңге
17. Аханова Разия – 5000 теңге
18. Қайсарбеков Даурен - 1000 теңге.

  • Мәдениет ауылдық округі
  • Мәдениет ауылдық округі
  • Мәдениет ауылдық округі

 

 

 

 

 

Белгілі тұлғалар

Мукашев Марлен

Мұқашев Марлен 02.02.1938 жылы бұрыңғы Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1956 жылы орта білім алғанан кейін мехонизатор мамандығын иеленген. Еңбек жолын осы Мәдениет ауылында Каганович атындағы колхозда трактарист болып бастаған. 1958 жылы Толғанбаева Жаниха анамызбен отау құрып, 10 бала тәрбиелеп, одан 32 немере 10 шақты шөбере сүйіп отыр. Толғанбаева Жаниха анамыз «Батыр Ана», «Алтын алқа» иегері. Қазырғы уақытта отбасымен Мәдениет ауылында тұрады.  
1964 жылдан бастап Көктал қой совхозында мехонизаторлар бригадасының бригадирі болып, 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен.
Шұбартау ауданында тұңғыш мехонизаторлар отрядын ұйымдастырушы. Еңбегі жоңары баңаланып, 1966 жылы «Еңбек Қызыл Ту»ғ 1970 жылы Қазақ ССР-нің  еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері өқрметті атағы беріліді. 1975 жылы III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен, Мақтау қағаздарыме марапатталған.



Броткин Владимир Иванович

Броткин Владимир Иванович  15.02.1939 жылы Украйнаның Ворошиловград қаласында дүниеге келкен. Ұлты украйн. Осы Мәдениет ауылына 1941 жылы шешесімен көшіп келген. 1957 жылы орта білім алғанан кейін механизатор мамандығын алған. Еңбек жолын осы Мәдениет ауылында Каганович атындағы колхозда тракторист болып бастаған. Осы Мәдениет ауылында қазақ қызымен отау құрып, 10 бала тәрбиелеп, одан 16 немере, 6 шөбере сүйіп отыр.
1962 жылдан бастап Көктал савхозында шынжыр табынды тракторист болып бастап, Көктал совхозы құрылғанан алып К-700 тракторының роліне отырып оны жақсы меңгерген. Еңбегі бағаланып кеудесіне «Ленин», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тыңның 50 – жылдағы» медальдерін, 6 рет «Еңбек үздігі»значогін кеудесіне таққан. Құрмет грамоталарымен, Мақтау қағаздарымен марапатталған. Бірнеше рет облыстық, аудандық кеңестің депутаты және облыстық, аудандық партия коммитетінің пленум мүшесі болған. Көктал қой совхозында зейнеткерлікке шыққанша К – 700 тракторының трактористы болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта балаларымен бірге Мәдениет ауылындатұрады.



 

Бет өзгертілді: 04-06-2018