Тарихи деректер

Қосағаш

Қосағаш ауылының атауы екі жарым ғасырдан ары өмір сүрген табиғи ағашпен байланысты қойылған. Қосағаш екі-үш адамның құшағындай жуандықтағы қатар өскен бәйтерек болған. Кейбір әңгімеде Қоянды жәрмеңкесінен Верныйға (Алматы) бара жатқан сапарында көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов осы Қосағаштың түбінде аялдаған деп айтылады. Поляк жазушысы Янушкевич арнайы келіп Қосағашты суретке түсірген делінеді.
Қосағаш ауылы 1951 жылы үш ірі колхоз Орженикидзе, Егізқызыл, Сталин колхоздары біріктіріліп, Сталин колхозы болып құрылған. 1962 жылы Ш.Уалиханов атындағы кеңшары, Қосағаш ауылдық советі болып құрылды. 1992 жылы кеңшар тарап, бір неше шаруа шаруашылықтары құрылып, Қосағаш ауылдық советі болды. 1994 жылдан Қосағаш ауылдық округі, Қосағаш ауылы.
Ауыл әкімі Қазов Бекбай Тлеуліұлы. Тұрғындар саны -792, Әкімшілік орталығы Қосағаш ауылы, Округтің жер көлемі -168395 га. Аудан орталығынан 156 шақырым қашықтықта, Облыс орталығы Өскемен қаласынан 466 шақырым қашықтықта орналасқан. Ұлттық құрамы: қазақ- 788, орыс -3, қырғыз -1 құрайды. Ауылдық округі географиялық жағынан тиімді орналасқан. Ауыл аумағы арқылы республикалық маңызы бар, Боғаз-Қарағанды трассасы өтеді. Округте- 37 шаруа қожалығы, 4 –дүкен, 1 мал сою алаңы, 1-мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Клуб, орта мектеп, /оқушы саны -147/ ауылдық дәргерлік амбулатория, 1-тойхана, 2-кітапхана жұмыс істейді.

  • Косагаш
  • Косагаш
  • Косагаш
  • Косагаш

 

Бет өзгертілді: 15-08-2018