Тарихи деректер

Қопа ауылдық округі

Құрылымы жөнінде тарихи туралы анықтама

Қопа ауылдық округі тарап кеткен «Овцевод» совхозы негізінде құрылған. «Овцевод» совхозы 1963 жылы тамыз айының 23 жұлдызында құрылды. Құрамында 3 фермасы болды. Жаңадан құрылған сов хозда, қазіргі Қопа ауылында «Қызыл отау» бастауыш мектебі ашылып, алғашқы ұстаздар Қуанышев Бәдеш, Әділханова Нұрхандар сабақ беріп, көп жылдар бойы еңбек етті. Кейіннен совхоз құрылысы басталып, «Овцевод» орта мектебі және оның жанында интернат салынды. Мектеп директоры болып Жетибаев Асқар тағайындалды. 1964-1965 жылдары тағы да 2 ферма қосылды. Совхоз жалпы 5 фермадан тұрды, мал шаруашылығымен айналысты. Совхозда мал басы көбейіп, экономикасы өркендей бастады. Көптеген сәнді үйлер, мектеп, клуб, кітапхана, аурухана, совхоз кеңсесі, сауда дүкендері, монша, байланыс жүйесі, мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс істеді.

«Овцевод» совхозын 1963-1968 жылдары Қорабаев Шайқан, 1968-1986 жылдары Өзбеков Әбілқасым, 1986-1995 жылдары Акимбаев Андас, 1995-1996 жылдары Асаумурзин Арынбай басқарды. 1963-1990 жылдары ауылдық кеңес төрағалары болып: Оразбеков Ақымжан, Бөлегенов Бейсенбай, Ахметжанов Птат, Әшірбеков Қайрылхан, Сатыбалдин Советхалық, Бөлегенов Алпысбай қызмет істеді. Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық экономикасының көтерілуіне зор үлестерін қосты.

1981 жылы ауылымыздың орталығында жаңа типті мектеп үйі мен шаруашылық кеңсесі салынды. 1986 жылы 25 төсектік аурухана іске қосылды, бас дәрігері Сулейменов Қалибек болды.
1996 жылы шаруашылық 23 шаруа қожалығы және 2 серіктестікке таратылды. Барлық мал, мүлік, негізгі қорлар осы шаруа қожалықтары мен серіктестіктерге таратылып берілді.
Совхоз экономикасының дамуына: Ш.Қорабаев, А.Өзбеков, А.Акимбаев, Егалиев, А. Оразбеков, А.Трушев, В.Сорокин, К.Ниязбеков, Ж.Мунсызбаев, М.Тумабаев, Н. Жумаханов, М.Султанбеков, К. Нуршаев, Б.Бөлегенов, М. Құрманбеков, О.Смағулов, М. Таукебаев, т.б. азаматтар аянбай тер төкті.
Ерлік еңбектерімен үлгі-өнеге, із қалдырған еңбек және соғыс ардагерлері: Әлиев К., Рахиманов Қ., Ығышев Б., Атағарин Н., Мендекин К., Орынғожинов Б., Сыдыков Ш., Трушев А., Шаншарбаев Б., Даутбаев А., Даутбаев С., Конакаев Ш., Казанғапов Қ., Кәріпжанов А., М. Хабидуллин т.б. Тылда аянбай еңбек еткен ардагерлеріміз: Жетибаев А., Байғалиев М., Үйсінбаева А., Ниязбекова П., Досаева Б., Жетибаева Т., Шакеров Е., Смаханова Д.
Қопа ауылы бойынша Ауған соғысына қатысқандар: Қонақбаев А., Уәлиев Б., Жылкышинов Р., Камзин Айхат-қазіргі уақытта Қопа ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарады, бірнеше медальдармен марапатталған .
«Овцевод» совхозынан Социалистік Еңбек Ері-Жанасылов Бөжек Шақшабайұлы шықты.

Ленин, Еңбек Ері ордендерімен Тасболатов Т.- шопан, Ходжаев З.-шопан, Ходжаев Ә- шопан, Бейсенбаева Т.- шопан, Мұнсызбаев Ж.- ферма меңгерушісі, еңбектегі жетістіктері үшін марапатталды.

Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп, ел құрметіне бөленген, ұлын-ұяға, қызын қияға ұшырып отырған батыр аналар да көптеп саналады: Акимбаева Ж., Ахмадиева Т., Байсакова К., Даутбаева Р., Касымова А., Жанабаева Б., Нурахметова К., Конакбаева М., Карабаланова Л., Телтаева А., Турсынбаева К., Куанышева С.,Адилжанова Н., Габидуллина З., Абдирбекова К., Сапаргалиева К., Тасболатова Л., Уалиева П., Мухамедиева К., Мырзаханова Б., Мукушева П., Хамзина Т., Шерниязданова К., Шакерова Т., Оспанова Б., Майжанова Н., Жумагельдина Р., Асылханова А., Самитова Д., Кутибаева А.

Белгілі тұлғалар

Тасболатов Торехан Мунсызбаевич

Тасболатов Төрехан Мұңсызбайұлы 1941 жылы туған. Еңбек жолын 1955 жылы Аягөз ауданының Б.Әбжанов атындағы «Қарақол» совхозының шопаны болып әке жолын қуды. 1962-1965 жылдары Совет Армиясының қатарында болды. 1965 жылдан Семей облысының Аягөз ауданындағы «Овцевод» совхозының аға шопаны. Қой шаруашылығындағы озық тәжірибелерді іскерлікпен қолданудың нәтижесінде қозы алу, жүн өндіру және мал басын аман сақтау бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болын, қатарынан 6 жыл бойы облыс чемпионы атанды. 1970 жылы «Қола» медалімен, 1973 жылы «Алтын» медалімен марапатталды. 1973 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Осы жылы оныншы бесжылдықтың қорытындысы бойынша «Ленин» орденімен марапатталды. 1972,1977 жылдары халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 2 күміс медаліне ие болды. 1977 жылы КПСС мүшесі. Еңбектегі жоғарғы көрсеткіштері үшін 1979 жылы Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атақ берілді.1980-1985 жылы Қазақстан Компартиясы Семей облысы комитетінің мүшесі, халық депутаттары аудандық советінің депутаты болды. 1981 жылы 2-қарашада «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді. 1990 жылы 15 ақпанда «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1992 жылы қозы алудан Таскескен ауданының «Үздік шопаны» деп танылып, Құрмет грамотасымен марапатталды.
Төрехан еңбекқор шопан ғана емес, үлкен отбасының отағасы.Зайыбы Ләйлә екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Балалары оқу бітіріп, әр салада еңбек етуде.



Болеубаева Бияш

Бөлеубаева Бияш 1935 жылы 16 шілдеде туған. 1975 жылы Семей облысы, Таскескен ауданы, «Овцевод» совхозына көшіп келіп, жолдасы Бөлеубаев Төлеген сол жылы қайтыс болады. Сонымен 1976 жылдың 1 қаңтарынан бастап аға шопан болып, өзі қызметті өткізіп алады. 23 жыл қой өсіруде ана еңбегі қуанарлықтай.Әр жүз саулықтан 105 қозыдан алды. Бірнеше дүркін социалисттік жарыс жеңімпазы, совхоз, аудан чемпионы атанып, әлденеше рет грамоталар, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аудандық Құрмет тақтасына жазылды. Жергілікті Советтердің депутаттарына да бірнеше рет сайланды. Төлегеннен 9 бала өсіріп, ел қатарына қосып, бүгінгі күні «Батыр ана» болып отыр.

Найкенов Кенжалы

Найкенов Кенжалы 1944 жылдан бері КПСС мүшесі, Лепсі балалар үйінің тәрбиеленушісі, соғысқа дейін ақпараттық-анықтама мекемесінің басшысы болып Алматы қаласында қызмет істеген. 1941 жылы Ұлы Отан Соғысына аттанған. 1941 жылдың 12 шілдесінде И.В.Панфиловтың басқаруымен 316 атқыштар дивизиясының 1075 полк құрамындағы 2 батальон 4 ротасында соғысқан.1941 жылы Жукова деревнисы үшін болған ауыр шайқаста аяғынан қатты жараланып, госпитальға түскен. 1943 жылы Смоленск облысының Гжатск қаласы үшін ьолған шайқаста сол қолынан ауыр жараланады. Бұдан кейін Можайск, Москва, Горький, Саратов, Ташкент қалаларында емделген. ІІ топ мүгедегі болып, әскерден босатылып еліне оралған. Туған жерге оралған соң Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігі органына жұмысқа қабылданып, Бородулиха, Мақаншы, Ақсуат, Абай аудандарында милиция органында жұмыс атқарған. ҰОС ІІ-дәрежелі орденімен, «1941-1945 жылдардағ ҰОС кезіндегі Германияны жеңгені үшін»медалімен марапатталған. Есімі Семей ОП-ТУС және ОК байланыс қызметкері кәсіподағының Құрмет кітабына жазылған. Ақырғы шақтарында «Овцевод» совхозында қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан Кенжалы атадан үш қыз, екі ұл қалған.

Мунсызбаев Жумахан

Мұңсызбаев Жұмахан 1933 ж. 18 тамызда ҚХР-да Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1943-1950ж.ж. Шағантоғай ауданында толықсыз орта мектепті бітірген. Осы мектепте 1955 жылдың шілдесіне дейін мұғалім болып қызмет атқарған. 1952-1953 ж. Аяғына дейін Шыңжан бюро кадрлер мектебінде оқыған, 1955 ж Аягөз ауданындағы, «Қарақол» совхозына көшіп келген. Өз алдына отар қой алып, 1963 жылы тамыз айына дейін 4 фермада шопан болған. 1961 жылдың 31 қаңтарында партия қатарына өтіп, КПСС мүшесі болған. 1963-1967 жж шілде айына дейін «Овцевод» совхозының №1 фермасында ферма меңгерушісі, 1967-1970 жж №2 ферма меңгерушісі болды. 1970-1983 жж №4 фермада ферма меңгерушісі, 1983-1985 жж №4 фермасында «завхоз», ал 1986-1993 жж аяғында дейін «Овцевод» совхозында су бөлімінде қызмет жасаған. 1993 жылы зейнеткерлікке шықты. Кейін өндірістен қол үзбей жүріп, Ақтоғай орта мектебінің кешкі бөлімінде 11 сынып бітірген. Өкімет еңбегін бағалап, 1963 жылы 19 ақпанда Қазақ ССР грамотасымен, 1975 жылы 14 ақпанда «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1990 жылы 18 ақпанда «Еңбек ардагері» медалін алды. 1983 жылы Таскескен ауданының партия комитетінің Бюро мүшесі болды. Бірнеше рет ауылсовет депутаты болған. Отбасында 9 бала, барлығы өз алдына отау тігіп жеке кетті. Өмірлік серігі Ақлима 1998 жылы о дүниелік болды. Жұмахан ақсақал Алланың ақ жолына түскен, мұсылмандық парыздарын өтеген.Жасына қарамастан Қопа ауылындағы мешітке иелік етіп, имам міндетін де атқарды. Ақсақалдар алқасын басқарды. 2013 жылдың мамыр айында дүниеден озды.

Жетибаев Аскар

Жетібаев Асқар 1931 жылдың 8 наурыз айында Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылында дүниеге келген. Әке-шешесі Тұрапов Жетібай, Тұрапова Айман «Қызыл-Отау» колхозында колхозшы болды.
Қызылқия мектебінде сегіз жыл оқып, Сергиополь орта мектебінде оқып бітірген. Семейдегі Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін 1953 жылы бітірген. 15 тамыз 1953 жылы Имантау орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды.
1 тамыз 1954-1957 жылдары Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында Саяқ сегіз жылдық мектебінде директор болып қызмет атқарды.
1 тамыз 1957 жылы Семей облысы, Аягөз ауданының Сергиополь орта мектебінде мұғалім және бюджеттік интернатта тәрбиеші болып қызмет жасаған.
27 қыркүйек 1959 жылы Таңсық мектеп интернатында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, тәрбиешісі болып қызмет атқарды.
15 тамыз 1960 жылы мектеп-интернатта оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
31 тамыз 1963 жылы Қызылқия орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1 тамыз 1964-2000 жылдар аралығында «Овцевод» орта мектебінде, кейіннен С.Сейфуллин орта мектебінде директор болып қызмет жасаған. Педагогикалық салада  46 жыл еңбек жасаған. Оның ішінде 40 жыл мектеп директоры, екі жыл оқу ісінің меңгерушісі, екі жыл бюджеттік интернатта меңгеруші болып қызмет жасаған.
1964 жылдан 1984 жылға дейін әрбір жергілікті советтің сайлауында депутат болып сайланды.
1978 жылы Мәскеу қаласындағы мұғалімдердің Бүкілодақтық ІІІ съезіне депутат болып қатысты.
СССР білім министрлігі «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.
Бүкілодақтық социалисттік жарыстың 1950, 1977, 1978 жылдардағы жарыста жеңімпаз болып, арнайы белгімен және грамотамен марапатталды.
В.И.Лениннің туғанына жүз жыл толуына байланысты, Таскескен аудандық партия комитетінің Пленум мүшесі болды.
Жұбайы Аткатаева Ражан екеуі тоғыз баладан 16 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.

 

 

 

Бет өзгертілді: 04-06-2018