Тарихи деректер

Қарағаш ауылдық округі

Ауылдық округінің тарихы

Қарағаш Аягөз ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы Аягөз қаласы шығысқа қарай 40 км (шақырым). Берікқара шоқысынан Солтүстік шығысқа қарай 12 км жерде, Аягөз өзенінің Солтүстік жағасында орналасқан. Еліміздің сырлы да тарихи шежіреге бай өлкенің бірі Аягөз ежелден ақындар мен ғашықтар аңыздар мекені. Қарт Тарбағатайдың төсінен бастау алған, еркелей ағып жатқан Аягөздің аядай мөлдір суынан кімдер қанып ішпеді дейсің. Қарағаш ауданымыздағы елді мекен Қара (сын есім) + ағаш (зат есім) сөздерінен туындаған қоспа сөз. Мағынасы «Қара ағаш » көп өсетін жер деген сөз. 1930 жылы ірге тасы қаланған Қарағаш 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында ауыл шаруашылық негізін ұйымдастыруға сәйкестендірілді. 1974 жылы ұжымшар негізінде құрылған «Ақши» қой кеңшарының бөлімшесіне, 1987 жылы Аягөз ет комбинатының қосалқышаруашылығына айналды. Ауылына қарап азаматын таны деген сөз бар, ауылдың мақтанышына айналған еңбек майталмандары көптеп саналады. 1965 жылдан бастап Қарағаш өңірінің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан совхоз директоры Төлеуқаппас Сармаевтың еңбегі ерекше 1956 жылдан партия қатарында болған азамат «Аягөз» мал бордақылау совхозын ширек ғасыр басқарған. Т.Сармаев «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін » медалімен, екі мәрте «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет белгісі» және Еңбек Қызыл ту ордендерімен марапатталды. Т.Сармаевтың есімін Қарағаш ауылындағы орталық көшеге берілді. Сол жылдары үлкен үлес қосқан: шопандар А.Жұмаділов, С.Маткаримов, Ғ.Қасенов, О.Қасенов, А.Маткаримов, А.Молдағожаев, А.Қасымханов, Б.Ілиясов, (малшылар), механизаторлар: Ленин орденді О.Қыдырманов, озат механизатор М.Өтебеков, Қ.Актаев, А. Жуков, В.Янцен, Ж.Байжұманов, Н.Жымпыров, М.Шалов, Ж.Каленов, мамандар М.Жәңгірбаев, М.Құнанбаев, Қ.Түсіпбеков, Қ Қарабаев, бас экономист Ш.Ахметбаев, Т.Құсайнов, А.Омаров болды. 50-жылдардың 2000 жылдар аралығында Қарағаш совхозының тізгінін ұстаған мамандар: М.Шутиков 1950-53 жылдар аралығы, Т.Исполов, Сағындықов, Магометов, Р.К.Қайырқанов, А.Ж.Маматов, Т.Сармаев, М.Т.Сармаев, С.Т.Сибаев.
Соғыс оты да біздің ауылымызды шарпып өтті. Ауылымыздың талай азаматтары сұрапыл жылдары ел қорғауға аттанып елін, жерін жаудан қорғады. Сол сұрапыл жылдар майданға аттанған С.Абыраймов, О.Раев, Т.Дүйсенбаев, Ә.Байжұманов, М.Сыздыкаев, Ғ.Кабиев, О.Қасымжанов, М.Бекишев, И.Шкедов, С.Қыдырманов, Қ.Тілеубергенов, Я.Хананов, Т.Қорлыбаев, Т.Садуақасов т.б. Тылда еңбек еткен аналарымыз: Ж.Темірғалина, С.Абраймова, Р.Абиханова, Ғ.Сыздықаева.

Ауыл округінің географиялық жағдайы таулы, сулы, өзенді. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді. Тамыз айының соңына қарай суық ауа келе бастайды, қараша айының бірінші он күндігінде қар түсіп, сәуір айының екінші он күндігінде кете бастайды. Қыс ерте түседі,қардың қалыңдығы 40-50 см ге жетеді. Жері құнарлы, шалғынды, мал жайылымына қолайлы, көктем кезінде су арнасы молайады, жағасы шілікті.
Тұрғындардың ұлттық құрамы: қазақтар 1078 адам, орыстар 1, татарлар т.б. ұлттар турады. Тұрғындардың жас мөлшері 17-ге дейін 235, 18-ден 632, 60-тан жоғары -136. Округ аумағында орналасқан: орта мектеп - 1, бастауыш мектеп - 1, фельдшерлік-акушер пункті -1, кітапхана -2, клуб-1, дүкен-2, шеберхана-1 және халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Ауыл округінің географиялық жағдайы таулы, сулы, өзенді. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді.

  • Ақши ауылдық округі
  • Ақши ауылдық округі

Белгілі тұлғалар

Исабеков Жандос Нурланович

Исабеков Жандос Нұрланұлы 1986 жылы 5-желтоқсанда Қарағаш ауылында туған. 1992-94 ж.ж. Жамбыл орта мектебінде оқып, 1996 жылдан бастап Алматы облысы, Қарасай ауданы, Теректі ауылындағы Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінде оқып, 2003 жылы бітірген. Сол жылы Қазақ Ұлттық аграрлық Университетінің экономика факультетіне түскен. Университет ішіндегі бокс үйірмесіне қатысып, бес жылдай шұғылданған. Спорт шеберлігіне кандитат (КМС). Абай атындағы АМУ, Әл-Фараби атындағы Қаз.МУ студенттерінің арасында бокстан өткен жарыста 1-орын, Алматы қаласында өткен «Динамо» біріншілігінде 2-орын, Алматы облыстық сайыста екі мәрте 2-орын. Халық қаһарманы Қ. Рысқұлбеков атындағы Халықаралық турнирде 2-орын, Халық қаһарманы С. Нұрмағанбетов атындағы Халықаралық жарыста 3-орын алған. 2011 жылдан бастап ережесіз жекпе-жекке қатыса бастайды. «Алаш прайд» клубының мүшесі. Республика бойынша және Қазақ – Қырғыз арасында өткен ережесіз жекпе-жектің жеңімпазы. Ұстанымы - Алаштың намысын қорғап, атағын аспандату.


Аханов Серикболсын Абдахметович

Аханов Серікболсын Абдахметұлы 1993 жылы Аматы Мемлекеттік медециналық институтының стоматология факультетін бітірген. 1993 жылдан бері № 5 КГБ қабылдау бөлімін басқарып келеді. 2004 жылы кандидаттық дисертация қорғады.
ҚР «Денсаулық сақтау үздігі» және бет – жақ хирургы, жоғары дәрежелі дәрігер.
Қайта қалпына келтіру хирургиясы бойынша АҚШ –тың Медисон қаласында (2006ж), стоматологиялық имплантант туралы Мәскеу мемлекеттік медециналық университетінде, профессор Вебердің басқаруымен дентальдық имплонтат бойынша Германияның Тюбинг қаласында, Израильдің Хулон қаласында іс – тәжірибе алмасты. Бет – жақ хирургиясы бойынша 23 мақала жазды.2001 жылы бет – жақ патологиясы бар жетім балаларға көмектесу мақсатында Қазақстандық – Оңтүстік Кореялық қайрымдылық акциясына қатысты.

Берик Жангирбаев

Берік Жәңгірбаев Қарағаш ауылының тумасы. Қарағаш ауылының 1984 жылы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебін бітірді.
Марапаттары мен сыйлықтары: Еуропалық Бизнес Ассамблеясының медецина мен денсаулық сақтау саласындағы Халықаралық Сократ сыйлығы; Вена Халықаралық Университетінің құрметті профессоры; Чижевский атындағы Академияның академигі; «Адамзат алдындағы қызметі үшін» Зороастрий колледжінің мақтау қағазы (Бомбей, Индия). «Жүзжылдық меценнаттары» халықаралық қайрымдылық қорының «Абырой мен шарапат» медалінің иегері.

Толеукаппас Сармаев

Төлеуқаппас Сармаев (1928-1988 ж.ж.)
1928 жылы Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1941-45 ж. Жарма ауданы «Скотовод» совхозында жұмысшы болады.
1950-53 жылдар аралығында Кеңес армиясынндағы әскери борышын ойдағыдай атқарды. Ол әр жылдары Жарма, Шар, Жанғызтөбе, «Загатскот» мекемелерінің база меңгерушісі қызметтерін мүлтіксіз атқарады.
1961-64 жылдар аралығында Қарағандыдағы Қазақстан Коммунистік партиясы орталық к-нің жанындағы партия мектебін тәмамдайды. «Семей тау» мал бордақылау совхозында директор болып тағайындалады.
1965-1988 жылдар аралығында (өмірінің соңғы сәтіне дейін) Қарағаш ауылында директор болды. Ол кісінің шаруашылықты басқарып тұрған
кезде – Қарағаш ауылының нағыз гүлденген шағы болды. Аудан орталығының тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдермен қамтамасыз етуге үлес қосумен қатар, ауылымызда орта мектеп, клуб үйі, сәулетті кеңсе ғимараты, МТМ, АТС, тұрғын үйлер т.б бой көтеріп, құс фермасы салынып, саябақ көшеттері отырғызылды. Совхоз мемлекетке ет тапсыру жоспарын аудан бойынша 60 %-ын орындап, ауыл атағы облысқа жайылды.

 Марапаттары:
«Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін»,
«Ерен еңбегі үшін» медалімен екі мәрте 1968,1970 ж.ж, «В. И. Лениннің» мерекелік медалімен,  «Құрмет   белгісі» 1970 ж. марапатталды.
Кыдырманов Орыншайк Смакович

Қыдырманов Орыншайық Смақұлы
1939 жылы 8-ақпанда дүниеге келген Қарағаш аулының тумасы. Ауылдан сауат ашқан. Еңбек жолын 1953 жылдың қазан айынан Тоқтанайдағы Мағарда шөп тасушы болып бастаған. 1954 жылы тіркемеші, 1956 жылы 1-желтоқсанында Семейдегі төрт айлық тракторлық курсын бтірді. 1957 -1961 жылдар аралығында тракторшы болып қызмет атқарды. 1961-1969 жылдары шопыр. Кез келген техниканың қыр-сырына қанық, қандай техника болсын жүргізіп кете алатын жағдайға жеткен, жан-жақты механизатор, 90- шы жылдары бригадир болды. 1994 жылдан еңбек демалысында.

Марапаттары: «Ленин» ордені (1980 ж.), «Еңбек Қызыл ту» ордені(1972 ж.),«Астық жинауға қатысушы» (1964 ж.), «9-социалистік сайыстың жеңімпазы» (1973 ж.), «9-бесжылдықтың екпіндісі» (1975 ж.), «10-бесжылдықтың екпіндісі»(1980 ж.), «Еңбек ардагері» (1987 ж.), ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тың игеруге 50 жыл» медалі (2004 ж.)
Избаиров Асылбек Каримович

Избаиров Асылбек Каримұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің дінтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, дінтанушы.
1995-1999 жж Абай атындағы АМУ, тарих факультетін бітірген.1999-2000 жж Шамолаған кентіндегі Қарасай батыр орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2000- 2010 жж Таяу Шығыс және Орта Шығыс елінің Қ Р БҒМ Р.Б. Сулейменов атындағы институтының шығыстану бөлімінде ғылыми қызметкер. 2003-2004 жж ҚР ӘМ сот экспертизасының креминалдық – психологиялық зерттеу орталығының басты эксперты болды. 2005-2006 жж ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сыртқы саясат орталығының зерттеу бөлімінде басқарушы қызметін атқарған. 2006-2012 жж ҚР Ғылыми зерттеу орталығы ҰҚК бірінші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2013 ж ақпан айынан бастап Л.Н.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің дінтану кафедрасының профессоры (и.о)
2004-2006 жж Дарынды және жас ғалымдар мелекеттік сыйлығының иегері.

 

Бет өзгертілді: 01-06-2018