Тарихи деректер

Емелтау ауылдық округі

Құрылымы жөнінде тарихи анықтама

Емелтау ауылы 1947-1949 жылдары Кеңес Одағы кезінде Семей облысы, Шұбартау ауданы «Горный» қой  кеншарының «Қараирек» елді мекені және саркамас, еділбай қой кеншарының, «Арқарлы» елді мекенін біріктіру нәтижесінде «Шұбартау» қой совхозы,  Емелтау ауылдық кеңесі болып 1966 жылы құрылды. Ауылдық кеңес орталығы тарихы «Қотан-Емель» тауының баурайына орналасуына байланысты ауылдық кеңес Емелтау ауылдық кеңесі деп аталады. «Қотан –Емель» тауының биіктігі теңіз денгейінен 1089 метр, ауыл территориясындағы «Қара- ирек» елді мекені батысында «Архарлы» елді мекені солтүстігінде «Тасқора» кені, шығысында орналасқан. Ауылдық округ теериториясы батысында, оңтүстігінде Қарағанды облысымен, солтүстігінде «Жорға» селолық округімен, шығысында «Мәдениет» селолық округімен шекаралас. Жері таулы, тасты ұсақ талды болып келеді. Қысы қатаңдау қар онша калың түспейді. Емелтау өңірінің жерінде табиғатына сай халқының казіргі кәсібі ата кәсіп мал өсіру.негізгі өсірілетін малдар жылқы, ірі қара қой малдары.себебі жерге табиғатына сай жылдам бейімделетін қазақи тұқымды малдар жылдың түгелдей дерлік мезгілінде өз бетімен жайылып,қыста қарды тебіндеп шығады. Кеңес одағы кезінде социалистік «Шұбартау» кеншары деп те аталған, төрт түлік малды өсірумен шұғылданып, сол кездегі Шұбартау ауданы бойынша алдыңғы қатардағы кеншарлардың бірі болған. Экономикалық нарықтық қайнастарға байланысты «Шұбартау» кеншары 1994 жылы жекешелендіруге жіберіліп. Емелтау ауылшаруашылық Кәсіпорны болып құрылды.нарықтық қайнастар талабына сәйкес осы кәсіпорында таратылып 1-жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1-өндірістік кооператив, 10-шара қожалықтары болып бөлінді. 1997 жылы емелтау жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарап оның орнына 3-шаруа қожалығы құрылды. Кәзіргі уақытта  14 шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Ауыл Емелтау ауылдық округі деп аталады. Кеншарда әр жылдары 1966-1969 жылдары Шырайымбеков Ермек,1969-1975 жылдары Қожанов Ғабиден,1975-1986 жылдары Тоқбаев Қазкен,1980-1986 жылдары Мұқашев Свет,1986-1988 жылдары Құрмашев Майдан,1988-1991 жылдары Оразбеков Берік,1991-1995 жылдары Мұқашев Талғат, 1995-1996 Оразбеков Берік директорлық қызметте жұмыс жасағандар. Ауылдық округте 1-орта мектеп, 1-емхана, мәдениет үйі, мешіт, казпочта бөлімшесі, АТС, ауылдық кітапхана, 3-дүкен спорт ғимараты халыққа қызмет көрсетсе, 14-шаруа қожалығы мал қыстамаларына мал өсірумен айналысып енбек етуде.

Емелтау ауылдық округінің әкімдері болып:  Түскенов Тілеуғали -1991- 2000 жылдары аралығында еңбек етті. Ыбрайұлы  Рақымбек 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап атқаруда
Кеншардың өлшеусіз енбек сінірген енбеккері жоғары бағаланған Енбек Кызыл Ту ордені құрмет белгісі ордені, қазақ ССР-нің енбек сіңірген қызметкері, бүгінде зейнеткер Тиыштыбеков Беркін есімі алтын кітапқа жазылған. Механизатор  Хасенов Тілеубек,Үсеналин Әсен. Бригадирлер: Хасенов Үсен, Қасыпбеков Нұртай, Магауин Тілек. Тәлімгер жылқышы, облыстық бюро мүшесі, мақтау қағазының иегері:  Жолдыбалин Әскербек. Енбек ардагерлері: Қожабаев Рахман, Мұқашев Армия, Серіков Заң, Жұманов Мақар, Қабдықалымов Каспии, Ақыбаев Көксеген, Аязбаев Мұқаш, Жұмабаев Мұса, Түскенов Тілеуғали. Мал басының жылдан жылға өсуіне атсалысқан малшылар: Жуанышев Базарбай, Жолдыбалин Махамбет, Райымбаев Орынбай. Ленин орденінің иегері: Андахаев Назарбек, Ахметжанов Егінтай, Ақылбаев Еркін, Құрымов Карбай. КПСС ХХY сьезінің делегаты-Имангалиева Тұрсын. т.б ауыл енбеккерлерінің аттары ел аузынан түспейді. Отан үшін от кешкен: Түсіпжанов Аскен, Көксегенов Жанахмет, Төрімханов Төртен. Сонымен қатар соғыс кезінде тылда енбек еткен: Зайнтдинова Зайтуна, Қожабаев Рахман, Куниязова Несіпелді, аталарымыз бен аналарымыз, соғыстан кейін де әр салада енбек ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосқан. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымай енбек еткен ұстаздар: Тортенов Оралбек, Сағымбеков Әшім, Шәменов Ербол, Бөлекбаева Сара, Ахметжанова Мария, Төлеубаева Бақтыбала, Иманғалиева Анар білім нәрін берген оқушылары бүгінгі күні жолын ұстанып жур. 

  • Емелтау ауылдық округі
  • Емелтау ауылдық округі
  • Емелтау ауылдық округі
  • Емелтау ауылдық округі
  • Емелтау ауылдық округі

 

 

 

 

 

Белгілі тұлғалар

Мукатай Абеулов

Хасенов Тілеубек-1942 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қарабұжыр ауылында туған. Енбек жолын 1966 жылдан бастап Семей облысы, Шұбартау ауданы, Емелтау ауылында механизаторлық қызметте атқарды. Осы жылдар ішінде қажырлы енбегінің арқасында ел құрметіне бөленіп, 1986 жылы Қазақстан Комунистік Партиясы орталық комитетінің Қазақ ССР Жоғарғы советі Призидумының және минстрлер советінің қаулысы бойынша бес жылдық тапсырмаларды орындаудағы аса көрнекті табыстары үшін Хасенов Тілеубек Қазақ ССР Республикасының алтын құрмет кітабына жазылды.


Нагашбеков Кайрат

Тиыштыбеков Беркин 1938 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қарабұжыр ауылында туған. Енбек жолын  1959 жылдан Семей облысы, Шұбартау ауданы, Емелтау ауылында шопандық қызметте атқарды Осы жылдар ішінде қажырлы енбегінің арқасында ел құрметіне бөленіп, 1973 жылы Қазақ ССР Жоғарғы советінің указы бойынша Қазақ ССР –нің енбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері. 1984 жылы «Енбек ері» медальмен марапатталған. Қазіргі уақытта «Аягоз ауданының құрметті азаматы» атағының иегері.

Бөдесова Тлеукен Бодескызы

Жолдыбалин Махамбет 1939 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бидайық ауылында туған. Енбек жолын 1966 жылдан бастап Семей облысы, Шұбартау ауданы,Емелтау ауылында шопандық қызметте атқарды. Осы жылдар ішінде қажырлы енбегінің арқасында ел құрметіне бөленіп, 1984 жылы «Енбек ері» медалімен, 1988 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1988 жылы  мал шаруашылығының «Бірінші класс шебері» атақ берілген.

Байтолегенова Макен

Емелтау ауыл тұрғыны, зейнеткер, 6-бала тәрбиелеп өсірген Жолдыбалин Аскербек 1942 жылы қараша айының 28-де дүниеге келген. Шұбартау ауданы, «Шұбартау» совхозындағы бас жылқышы, екі дүркін облыс чемпионы, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі. 1966 жылы от имени Президиума Верховного совета СССР-інің «За освоение Целинных земель» медальімен марапатталған. Еңбек жылдарының жылқы өсірудің шебері «Құлагер» атты «Шұбартау» совхозының комсомол-жастар жылқышылар бригадасының бригадирі, Еңбек Қызыл Ту орден иегері. Бригадирдің есімі облыстық Құрмет тақтасына жазылды. 1985-1986 жылғы қысқы маусымда мал қыстату ойдағыдай аяқтап, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен дайындауды арттырғаны үшін Құрмет Дипломымен наградталды. 1975 жылы Емелтау ауылдық Советінің депутаты болып сайланды.

 

Бет өзгертілді: 01-06-2018