Тарихи деректер

Бидайық ауылдық округі

Семей губерниясы 7 Уезд елді қамтыған соның бір «Қарқаралы» уезінде онда 21 болыс ел мекендеген. Кезіндегі Шұбартау ауданының территориясы «Қарқаралы» Уезіне қарасты «Шұбартау» және «Дағанды елі» деген екі болыс ел 13 әкім ауылына біріктіріліп 1928 жылы «Шұбартау» ауданы құрылады. Ал біздің «Бидайық» 8 – ші ауыл болып 1928 жылы қазіргі Қосағаш елді мекенінде «Бидайық» деген жерде құрылады.
1929 жылдың көктемінен бастап Бақанас, Дағанды елі, Байқошқар, Құр өзендерінің бойында алғашқы коллективке бірігу басталды. Ең алғаш құрылған серіктестіктің саны 16 болды, 1933 жылы осы серіктестіктің негізінде 16 колхоз құрылды. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру 1929 жылы басталғаннан бұл өңірге кешеуілдеп келген. 1930 жылдары бас кезінде басталған.
Мектеп 1927 жылы құрылған. Бүгінде Бидайық ауылындағы білім ордасы 2005 жылдан бастап Үкімет қаулысымен  Ұлы Отан соғысының батыры жерлесіміз Мұқатай Әбеулов атымен аталады.
1958 жылы алғашқы ФП (фельдерлік пункт) ашылған. 1964 жылы бөлімшелік аурухана (участковая больница) 25 кісілік ашылды. 1965 жылы аурухана жабылып, 1966 жылдан 1972 жылға дейін ФАП(фельдшерлік акушерлік пункт) жұмыс істеді. 1972 жылы СВА (сельская врачевная амбулатория) болып ашылды. «Батыр аналар» «Алтын», «Күміс» алқа иелері:
Есімбекова Қарлыға (Тұрсын), Сапарғалиева Қарлығаш (Қата), Иембергенова Жанша, Бимадиева Оразхан, Рахымжанова Бижамал, Қайраналина Таурбала, Ардабекова Галя, Сыздықова Күлкен, Жұмабекова Мәкен, Ахунова Күлжәмила, Ахатаева Күлсімхан, Байсағызова Төлеу, Жексенбаева Тұрсын, Мұсаева Салиман, Мафушан Салиман, Жексенбаева Қадиша, Жексенбаева Рахимаш, Шаймерденова Несіпжан, Терлікбаева Мұқаддас, Ділдәбекова Фарида, Бастасова Кенжегүл, Атығаева Бадиша, Макулбаева Айтзия, Әділханова Жаңылхан, Майымова Бағайша, Қырықбаева Күлімхан.
«Ұстаздар» - Кәрібаев Ж, Қырықбаев Б, Баяхметбаев Е, Абдығалымов Т, Нұрхаев Е, Жарқынбаева С, Орынбаев Н.
Ауылда 1090 тұрғын бар. Оның 160 оқушы. Ауыл халқын мәдени қамту үшін байланыс торабы, пошта, емхана, мешіт үйі, мәдениет үйі, қатымхана тұрақты қызмет атқаруда.

  • Бидайық ауылдық округі
  • Бидайық ауылдық округі


Белгілі тұлғалар

Мукатай Абеулов

«Кеңес Одағының батыры» Мұқатай Әбеулов - 1917 жылы Семей қаласы Шұбартау ауданы Бидайық ауылының «Қара адыр» ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан майданда болған. 152- гвардиялық танкіге қарсы шабуылдаушы артиллериялық полктың қару көздеушісі (4-гвардиялық кавалериялық корпус, 2-ші Украин майданы) гвардия қатарындағы жауынгер Әбеулов Венгрияны азат ету ұрысында ерекше көзге түсті. 1944 жылы 6- қазанынан 6- желтоқсаны аралығында тіке көздеу қарумен жаудың 6 танкісін, 4 броньдық транспорттерін және көптеген басқа да техникасын жойды. 1944 жылдың 16-желтоқсанында Мохора (Будапешт қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым) елді мекенінде жау танкілерін шабуылдау кезінде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың Отанында бюст орнатылған.
«Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды» ұранымен, Мұқатай Әбеуловтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында 2005 жылы Бидайық ауылдық округіне қарасты орта мектебіне Аягөз ауданы әкімнің қаулысымен «аты» берілді. Сондайяқ ауылдың демалыс саябағы да Батыр атымен аталды.


Нагашбеков Кайрат

Нағашбеков Қайрат 1938 жылы 3-наурызда Семей облысы Шұбартау ауданы, Екпін колхозы, Бидайық ауылында туған.
1962 жылдан еңбек жолын бастап,  механизатор, дала шаруашылығы трактор бригадасының бригадирі, мал шаруашылығы саласында әр түрлі басшылық қызметтерді атқарып, 1989 жылы кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды.
1996 жылы  «Екпін»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы
2004 жылдан бастап Бидайық ауылында ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс атқарып келеді. Жұмыс атқарған уақыттарында Үкіметтің әр түрлі жоғары наградаларына ұсынылған.
1970 жылы «Қаз.ССР Ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді.
1976 жылы  «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған, құрметті демалыстағы,  зейнеткер.

Бөдесова Тлеукен Бодескызы

Бөдесова Тілеукен Бөдесқызы – 1935 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бидайық ауылында туған. 1968 жылы Алматы пединститутының физика-математика факультетін бітіріп, еңбек жолын Киров атындағы орта мектепте бастаған. Аудандық оқу бөлімінде инспектор, «Екпін» орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім», 1972-1978 жж. облыстық мұғалімдер съездерінің делегаты, бірнеше дүркін аудандық Кеңестің депутаты болып сайланған. «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы» ордендерінің иегері, еңбек ардагері. Зейнеткер.

Байтолегенова Макен

Байтөлегенова Мәкен – 1945 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бидайық ауылында туған. Еңбек жолын 1962 жылдан бастап Семей облысы, Шұбартау ауданы, Сарықамыс кеңшарында зейнеткерлікке шыққанға дейін шопандық қызметте атқарды. Осы жылдар ішінде қажырлы еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленіп, 1978 жылы «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі орденімен, 1986 жылы «Ленин» орденімен марапатталып, сол жылы Москва қаласына барып, Кеңестер одағының Коммунистік партиясының  ХХVII съездіне делегат болып қатысқан. Бірнеше дүркін аудандық, облыстық Кеңестің депутаты болып сайланған еңбек ардагері.

 

Бет өзгертілді: 01-06-2018