Тарихи деректер

Баршатас ауылдық округі

Баршатас ауылдық округіБаршатас ШҚО-ның Аягөз  ауданындағы ауыл, аулдық әкімшілік орталығы аудан орталығы Аягөз қаласынан батысқа қарай  175 км жерге, Бақанас өзенінің  сол  жағалауына да орналасқан. Тұрғыны 3,3 мың адам (1997). Іргесі 1932 ж қаланған 1997 жылға дейін Шубартау ауданының орталығы болған. Жер бедері ұсақ щоқылы жазық, қоңыр топырақты жамылғысында бетеге, бұта аралас әр түрлі шөптесіндер өседі. Баршатас ауыл шаруашылығы бағытындағы (негізінен мал шаруашылығы) ұжымдық жекеменшік шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар жұмыс істейді . Ауылда мәдениет үй, аурухана, орталық мектеп мекемелері бар. Тұрғындары Аягөз каласымен, басқа елді мекендермен автомобильді жол арқылы қатынасады.
Бұрынғы ауданымыз 1928 жылға дейін Шұбартау, Дағанды болыстары болып өз алдарына дербес әкәімшілік органы ретінде Қарқаралы уезіне қарап келді. 1928 жылы үкімет қауылысы бойынша осы болыстар біріктіріліп ауданға ұйымдасты. міне осы кезде бұрынғыдай кеңсе қағаздары қоржынға салып елмен бірге көшіп журуден белгілі бір орталыққа орналау керек болды. Сонымен Шұбыртау және Дағанды болыстары территориясының тең ортасы деп қазіргі «Шұбартау» совхозының орталығы – Емелтау аудан рталығы болып белгіленеді. Бірақ мұнда аудандық мекемелер орналасатын балшық үйлер болады, осыған байланысты Қараиректегі екінші ауылдың байлары Жолшора, Жақыпбек, Хасабай балаларының қыстауларына орналасты. Мұнда да үй тапшы болды, бірқатар мекемелер 20 километр қашықтыққа дейінгі мекендерге орналастырылды.
1930 жылы аудан орталығы Қараиректен өгізтауға ауысты. Өйткені мұнда бір біріне жақын орналасқан мекендерге аудандық мекемелер бұрын мектеп болған Түркібай, Исағұл, Әлпи Меңаяқовтың және Уәли, Тоқтамыс Әзімбаевтердің қыстауларына орналасты да қалғандары сол маңдағы қыстаулаға қоныстанды. Ал мекеме қызметкерлері 10-15 километр жерде тұрып салт атпен келіп-кетіп қызмет істеп жүрді. Сол кездегі аупартком секретары Құрмаш Сатыбалдин мен ауатком преседател! Асылхан Дүйсембаевте 10 километр жердегі үйлеріне салт атпен келіп, қызмет істеп тұрды. Бұл жылдары мектеп Мақатай жерінен салдырған Рахымберлі Игіжановтың қыстауында болды.

1931 жылы үкіметке қарсы көтерілген байлар Өгізтаудағы аудандық мекемелер орналасқан үйлерді өртеп жіберді. Бұдан кейін мемлекет тарапынан аудан орталығын салуға қаржы босатылды. Осыған байланысты жаңа орталықтың орны бұрынғы екі болысты тең ортасы және Аякөз – Қарқаралы қара жолының үсті деп қазіргі КПСС XXIII съезі атындағы совхоздың орталығы – Жорға селосы болып белгіленді. Орталықтың құрылысы 1931 жылы жаз бойы өте асығыстықпен жүргізілді де сол жылы аудан осы араны қыстап щықты. Бірақта Жорға аудан оталығы болуға өте қолайсыз еді. Өйткені, бұл маңда өскен ағаш жатқан өзенг жоқ. Темір жолдан ғашық.
1932 жылғы Қазақстанда болған асырасілтеушіліктен акудан халқы ауыр күйзеліске ұшырады. Халықтың меншік малы етке алынды. Егіншілікпен шұғылданбады. Осыдан барып ауданда ашаршылық басталды. Жергілікті халықтың көпшілігі Жетісу бойына қоныс аударды. Бұрынғы Шұбартау болысына қарасты жер түгел – дерлік иен қалды.
1932 жылы октябрь-ноябрь айларында аудан орталығы Баршатасқа ауысты. Бұл жер Дағанды болысының иелігіндегі Аягөзге ұрымтал жер еді. Ол кездегі Баршатастың табиғаты өте көрікті де сұлу еді Селоның батыс жағында ну орман қоршаған мол сулы Бақанас өзені ағып жататын. «Жаңа дәуір» колхозы сол жылы қысқы тұраң жасау үшін құрлыстар салып жатқан болатын. аудан орталығы мұнда көшіп келісімен колхоздың мал қорларына арнап салған құрлыстары қайта қайта түзетіліп мекеме кеңселеріне ыңғайланғандырылды. Қазіргі тұрмыс қажетін өтейтін комбинат пен шаруашылық магазинінің орындарында «П» әріпі тәріздес құрлысқа ауданның барлық мекемелері орналасты. Сол себептен оны халық бертін келгенше «көп кеңсе» атап кетті.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Баршатас ауылынан 2440 азамат майданға аттанды. 1110 азамат елге-аман-есен оралды. Ұрыс даласында 1330 ер азамат қаза тапты.
1950 жылы С.М Киров атындағы орта метеп ашылды. Онда 895 оқушы оқыды. Директор К. Базарбеков болды. Күніне 3 кезеңмен оқыды.
1963 жылы Шұбартау ауданы таратылып Аягөз ауданына қосылды. 1964 жылдан қайтадан Шұбартау ауданы болып құрылды.
1973 жылы жана типті мектеп салынды. Мектеп директоры болып Қ. Тұрғанбаев қызмет атқарды. 1976 жылы интернат үйі пайдалануға берілді.  
1984 жылға дейін қазақ, орыс мектептері бірге болды. 1984 жылы жана типтегі екінші мектеп салынды. Бұрынғы мектеп Совет Одағының батыры  М. Әбеулов атына беріліп, онда 340 оқушы, екінші жаңа мектеп №1 қазақ орта мектебі болып құрылды.
№1 қазақ орта мектебінде 700 оқушы оқыды. 1980-90 жылдары мектеп диреторы болып Ғ. Қуанышбаев, Д. Дайрабаева, Ә. Мендібаевтар қызмет атқарды.
1997 жылы ауданын таратылуна байланысты, орыс мектебі жабылды. 
2005 жылдан бастап, №1 қазақ мектебі О. Менаяқұлының атына берілді. Қазіргі уақыта. О. Менаяқұлы атындағы  №1 қазақ орта мектебі, 430 оқушы оқиды. Мектеп директоры С. Естемісова.

  • Баршатас ауылдық округі
  • Баршатас ауылдық округі
  • Баршатас ауылдық округі
  • Баршатас ауылдық округі

1968-1997 жылдарда ауданды Ш. Макашев, Т. Серікбаев, Т. Аубакиров, Т. Баяахметбаев, Р. Сихымбаевтар басқарды. Шұбартау ауданын 1997 жылы тамыз айында Қ.Р Презеденті Н. Назарбаевтың жарлығымен таратылды. Ауылда орталық  ауырхана жұмыс жасайды. 6 жоғары білімді дәргер, 20 орта арнайы білімді қызметкерлер жұмыспен қамтылған. Ауылды полиция бөлімі 12 адам, 2010 жылы жаңа типтегі бала-бақша үйі, Балапан бағдарламасы бойынша пайдалануға берілді. 28 адам жұмыспен қамтылды, 50 бала тәрбиеленуде. Халыққа қызмет көрсету орталығы, ауа райы бақылау станциясы, вет станциясы мекемелері жемісті жұмыс жүргізуде. Ауылда Мәдениет үйі, кітапхана, 2005 жылы толықтай жөндеуден өткен су құбыры жұмыс істеп тұр.

Белгілі тұлғалар

 Моман Толеккызы Соғыс және енбек ардагері Моман Төлекқызы 1923 жылы 20 қаңтарда Шұбартау ауданының Қызылтас деген жерінде дүниеге келеді. 1932 жылы әке-шешесінен бірдей айрылған Моман 1932 жылы Алматы облысының Андреев ауданындағы Лепсі балалар үйіне алынады. Содан 1932 жылдан 1939 жылға дейін осында тәрбиеленіп, 7-сыныпты бітірген жас қыз Алматы қаласындағы Республикалық медициналық-техникумның фелдшерлік-акушерлік бөліміне оқуға түседі. Аталмыш оқу орнын 1942 жылдың ақпан айында бітіріп шығады. Оқуды бітірісімен әскерге алынған фельдшер Моман 1942 жылдан бастап 1944 жылдың қазан айына дейін әскери санитарлық пойызында фельдшер болып, жаралы жауынгерлерге көмек көрсетеді. 1944 жылдың сонында Москва қаласында толық бейбітшілік орнағаннан кейін әскери-фельдшер осы жерде әскерден босатылып, елге қайтады. Төлекова Моман апаның ордендері: Ұлы Отан Соғысының ардагері деген медалі, за доблесный труд 1941-1945, орден Отечественный Войны, 100 лет Ленина медалі, материнская слава І степени, Ұлы Женістің 20, 30, 40, 50, 60, 65 жылдығы медалдары, Ұлы Женістің 60 жылдығына Г.К. Жуковтың медалі, Астананың 10 жылдық мерейтойы медалі, Алтын алқа иегері.
Соғыстан соң майдангер қыз Баршатас ауылындағы Шұбартау аудандық ауруханаға фельдшер-акушер болып орналасып 18 жыл қызмет атқарады. 1962 жылдан 1980 жылдар арасында балалар бала бақшасының меңгерушісі қызметін тиянақты істеген Моман Төлекқызы тағы да 10 жылдай аудандағы ауруханадағы жедел-жәрдем бөлімінде фельдшер болып еңбек етіп, 1990 жылы зейнеткерлікке шығады.
Кешегі майдангер Моман апа елге оралған соң 1946 жылы Жұмағали Жанжігітов деген азаматқа тұрмысқа шығады. Ерлі –зайыптылар отбасы 3 ұл мен 4қыз тәрбиелеп, өсірді. Қазіргі таңда 9 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Қазір балаларының бәрі өз алдына жеке-жеке шанырақ иелері. Түгелдей жоғары білім алған. Ардагер-майдангер бұл күнде Баршатас ауылында тұрады.
Хамизада Кусемисов Ұлы Отан соғысы мен енбек ардагері Хамизада Күсемісов 1920 жылдың 10 мамыр айында бұрынғы Шұбартау ауданының Баршатас ауылында туған. Әке-шешеден ерте айрылған Хамизада аталмыш ауылдағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Осында жүріп 10 жылдық білім алады.
1940 жылы міндетті әскери қызметке алынып, Архангельск қаласында борышын атқарып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталады. 651-ші атқыштар полкінің сапында Украинадағы соғыстарға қатысады. 1941 жылы шілде айынан 1942 жылдың наурыз айына дейін 148-ші атқыштар полкінің құрамында соғысады. Ал сол жылдың наурыз айынан 1945 жылдың мамыр айы аралығында 391-ші атқыштар полкімен ұрыстарға қатысады. Осы полктің құрамында Украйна, Полтава, Кенинсберг қалаларын жау тырнағынан азат етуге ат салысады. Соғыста әртүрлі әскери тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны үшін және неміс-фашистеріне майданда тойтарыс берудегі батылдығы үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Мұнан басқа да «Кенинсбергті алғаны үшін», «Германияны женгені үшін» медалдарына ие болды. Соғыстың аяқталып женіс күнін Берлин қаласында қарсы алады.
Соғыстан оралған соң 1949 жылы Шұбартау аудандық оқу бөлімінде есепші болып қызметке кіріскен, 1956 жылы сырттай Талғар ауданы совхоз техникумында есепші маман бойынша білім алды. 1961 жылға дейін осы салада еңбек атқарды. Хамизада Баршатас аудандық тұтыну қоғамында 40 жылға жуық еңбек етті. 1981 жылы зейнеткерлікке шықты. Ұзақ жылғы енбегі бағаланбай қалған жоқ. Сонымен қатар жоғарыда аталған орден-медалдарға қоса І-дәрежелі «Отан соғысы», ІІІ-дәрежелі «Данқ» орденімен Г Т Жуковтың және бірнеше медалдармен қоса марапатталған . «Аягөз аудандының құрметті азаматы»
Ардагер отбасына 2 қыз бен 4 ұл тәрбиелеп өсірді. Әрқайсысы қазір үйлі-балалы,жеке-жеке шанырақ иелері. Бұлардан қария 12 немере мен 4 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр. Кәзіргі уақытта Баршатас ауылында тұрып жатыр.
Унербаев Марат Адилжанович Унербаев Марат Адилжанович 1969 жылы 26 сәуірде бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген, бес ағайынды. Әкесі Унербаев Әділжан және анасы Габдулкасимова Камария медецина саласының жоғары мамандағы дәрігері.
Унербаев Марат Адилжанұлы 1976-86 жылдары Мұқатай Абеулов атындағы орта мектепті оқып бітірді. 1986 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына түсіп, оқып жатқан жерінен Семей қаласы Ленин аудандық военкоматынан 27.07.1987 жылы әскерге шақырылады. Түркіменстан Кушка қаласы В/ч 13729 НОКиС капитан Каширский, снайпер капитан Дуля. Начальник штаба в/ч ПП 77186 подполковник В.Иликчиев. 1987-89 жылдары Ауған демократиялық республикасында әскери интернационалдық борышын атқарды. 06.04.1989 жылы Приказ МО СССР № 147 28.03.1989 жылы әскери міндетім аяқталуына байланысты әскери борышын аяқтады. «Воит интернационалист», «От благодарного Афганского народа», «70 лет вооруженных сил СССР», «Ветеран боевых действии», «Ветерану войны в Афганистане», «20-25 лет окончания боевых действий вооруженных сил СССР в Афганистане», және «Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының маслихаттарына 20 жыл» медальдарымен мараппатталды. 1989 жылы жоғарыда аталған оқу орнын жалғастырып, 1994 жылы бітіріп шығады. 1994 жылы Шұбартау орталық аудандық ауруханасына хирург дәрігері болып қабылданып, 2005 жылдан бастап Баршатас ауылдық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. ШҚО денсаулық сақтау департаментінің және ШҚО облыс және Аягөз аудан әкімінің мадақтамаларымен марапатталды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2012-2016 жж Аягөз аудандық маслихатының депутаты. Жанұялы, үш баланың әкесі.
Токатайович Садуакас Тоқатайұлы Садуақас кәзіргі Мадениет ауылында 12.02.1930 жылы дүниеге келді. Әкесі Тоқатай қатардағы жұмыскер болды. 1941 жылы соғыстың басталуына байланысты, соғысқа жарайды деген ер-азаматтар түгелдей соғысқа кетті. Ол кезде Садуакас ата 4 класты аяқтаған болатын, 10-11 жастағы бала шамалары келгенше колхоздың жұмыстарын істеді. Қозы бағу, егін салу кезінде өгіз соқаның басын жетектеп еңбек етті. Әке-шешесі кәрі адамдар болғандықтан екі бауырын өзі бағып, асырады. Соғыс біткеннен кейін кешкі жастар мектебіне қатысып жүріп, 7 класс бітірді деген аттестат алып шығады. Аягөз қаласына барып шопырлық үш айлық курсқа түсіп, 1950 жылдың сәуір айында жүргізуші куәлігін алып шығады. Ауылға оралып жүргізуші болып жұмыс істейді. Ең алыста және жауапты жұмыстарға барып жүргендіктен құрмет тақтасына суреті ілініп тұрды. 1954 жылы МТС авто-механник жұмысына орналасып, 1960-66 жыл аралығында Казселхозтехника мекемесінде бастық болып қызмет атқарады. 1966-70 жылдар аралығында Шұбартау аудандық тех-надзор қызметіне тағайындалады. 1970 жылдың сәуір айынан бастап 1997 жылдың ақпан айына дейін Шұбартау аудандық электр торабы мекемесін басқарып, осы қызметтен зейнеткерлікке шығады.
Үкіметке сінірген еңбектері үшін 1952 жылы МТС-те жақсы жұмыс істегені үшін орталық комсомол комитетінің «Құрмет грамотасы», облыстық атқару комитетінің мақтау грамотасы, тыл ардагері медалі, тың игеру медалі, еңбек ардагері, ҰОС жеңісінің 50-60-70 жылдық медальдарымен марапатталды.
Сихымбаев Ргызбай Азимбайулы Сихымбаев Ргызбай Әзімбайұлы 03.12.1942 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келді. 1959 жылы Баршатас ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті алтын медалмен бітіреді. 1961 жылы Қарағанды Мемлекеттік педагогикалық институтының физика факултетіне түсіп, 1965 жылы аяқтап шығады. 1965 жылдын 31 шілдесінен бастап Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте мұғалім, 1966 жылдың 9 қарашасынан бастап осы аталмыш мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1971 жылдың 27 тамыздан бастап аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1972 жылдың 18 тамызынан бастап аудандық халық ағарту бөлімінің бастығы. 1989 жылдың 23 тамызынан бастап С.М.Киров атындағы орта мектеп директоры. 1992 жылдың 12 наурызынан бастап Шұбартау ауданы әкімінің орынбасары. 1994 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Шұбартау ауданының әкімі. 1997 жылдың 1 тамызынан бастап Шұбартау ауданың таратылып, Аягөз ауданына қосылуына байланысты №1 орта мектептің директоры болып тағайындалып осы қызметтен зейнеткерлікке шығады. Жолдасы екеуі бес бала тәрбиелеп, барлығыда жоғары білім алып, отбасы құрып, әр-салада қызмет жасауда. Ргызбай Әзімбайұлы және жолдасы Тансықбаева Рысбала апа екеуі осы бес баладан тоғыз немере сүйіп отыр.
Марапаттаулары:
1. СССР және Қазақ ССР халық ағарту ісінің озаты,
2. В.И.Лениннің 100 жылдық, Тың және тыңайған жерлерді игерудегі мерекелік медальдар
3. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығына байланысты мерекелік медальдалмен марапатталған.
Сихымбаев Ргызбай Әзімбайұлы Аягөз ауданың құрметті азаматы.
Курмашев Майдан Курмашулы Құрмашев Майдан Құрмашұлы 1941 жылдың 5 қыркүйек айында Бақанас ауыл кеңесіне қарасты Баршатас ауылы Шұбартау ауданында туған. Отбасында төрт ағайынды. Әкесі Құрмаш Рақымов, шешесі Балқұс Жүнісова шаруа адамдары.
Құрмашев Майдан Құрмашұлы – 1948 жылы Сталин атындағы колхоздың бастауыш мектебінің бірінші класынан барып С.М.Киров атындағы орта мектепті 1958 жылы бітіріп, 1958-61 жылдары Семей облысы Шұбартау ауданы, Ш.Уалиханов атындағы совхозда әртүрлі қызметтер атқарды.
1972-73 жылдары Шұбартау ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1973-78 жылдары Шұбартау совхозы партия комитетінің хатшысы, 1978-86 жылдары аудандық кеңес атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру –нұсқау бөлімінің меңгерушісі 1984-86 жылдары аудан әкімі аппаратының жетекшісі. 1986-88 және 1994-96 жылдары «Шұбартау» және Калинин атындағы совхоздардың совхоз директоры қызметтерін атқарған. 1996 жылы зейнеткерлікке шығып, 4 бала тәрбиелеп өсірді, төрт баласы жоғары оқу орнын бітіріп, әр салада қызмет жасап отыр. Төрт баладан 10 немере сүйіп отырған Майдан ата жолдасы Құрмашева Рымбала Жақыпқызымен Баршатас ауылында тұрып жатыр.
1976-78 жылдары Социалистік жарыстың қорытындысымен екі рет алтын сағатпен марапатталды. Шұбартау аудандық әкімшілігінің «Үгіт және саясат» бөліміндегі меңгерушісі қызметіндегі жемісті еңбегі үшін 1996 жылы Семей Облыстық кеңестің грамотасымен марапатталды
Кожахметов Жалгасбай Қожахметов Жалгасбай - 1928 жылы қантар айында Семей облысы, Шұбартау ауданы, Косағаш ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Қосағаш ауылында 7 жылдық мектеп бітіріп, 1942-1945 жылдары соғыс кезінде қозы бағып, шөп шауып еңбек етіп, үлкендерге көмектесті. 1947 -1950 жылдар аралығында Қазақ ССР-ы ауылшаруашылық Министрлігінің Семейдегі механизация-техникумында трактор, автомобиль және ауылшаруашылық машиналары техник-механигі деген мамандығы бойынша оқып білім алып шықты.
1950 жылдың қыркүйек айында Бақанас ауылында машина жөндеу стансасына механик болып орналасып, осы айдын аяғында міндетті әскери қызметке шакырылып әскери теңіз флотынын в/ч 20411 бөілімінде аға матрос болып, 1955 жылға дейін әскери міндетін атқарды.
1955 жылдың 1 тамызынан МТС-тың диспетчері мамандығына қабылданды.
1956 жылы Бақанас МТС-ның автомеханигі болып ауыстырылды.
1960 жылы Шұбартау ауылшаруашылығы басқармасының аға мастері. 1962 жылы «Казсельхозтезхника» мекемесінің техник - қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып, 1971 жылға дейін жұмыс жасады.
1978 жылы Шұбартау СТК мекемесінде бастық болып тағайындалды.
1979 жылы Баршатас ауылындағы ПМК-2217 мекемесінде бас-механик. 1984 жылы ДЭУ-67 мекемесінде бас механик.1984 жылы КПСС ХХІІІ- сьезд атындағы совхозда МТМ- да механик. 1988 жылы зейнеткерлікке шықты.
«За доблестный труд 1941-1945ж, Ұлы Жеңістің 20,30,40,50,60,65 жылдығы медальдармен марапатталды. Көптеген мақтау қағаздарымен, алғыс хаттар мен марапатталған.
Енбек ардагері бүл күнде Баршатас ауылында тұрады.
Карабалин Назир Карабалаулы Қарабалин Нәзір Қарабалаұлы 1947 жылы 18 сәуірде көп балалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Оспанов Қарабала ҰОС ардагері, ҰОС орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, Сталинградты қорғағаны үшін және тағы басқа медалдармен марапатталған. «Лениннің 100 жылдығы» медалдар алған. Анасы Рахымбаева Мыңтенге 13 бала дүниеге әкелген «Батыр ана», І-ІІ-ІІІ дәрежелі «Ардагер ана» ордендерімен марапатталған.
Қарабалин Нәзір Қарабалаұлы 1965 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтына түсіп, 1970 жылы инженер- механник мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1970-1973 жж Шұбартау ауданы Сарықамыс совхозының бас инженер-механигі. 1973-75 жж Шұбартау аудандық «Госсельтехнадзордың» аға инспекторы. 1975-76 жж СОКП Шұбартау аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1976-86 жж Шұбартау аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженер-механигі.
1986-88 жж Шұбартау аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктің төрағасының орынбасары. 1994-97 жж Шұбартау аудандық экология басқармасының бас маманы. 1999-2001 жж «Отан» акционерлік қоғамының Баршатас филиалының меңгерушісі.
2004-2010 жж Баршатас ауыл әкімі аппаратының бас маманы. Осы жерден зейнеткерлікке шықты. ҰОС жеңісінің 65 жылдығында облысты ІІІ орын, Уәйіс Шондыбайұлының 110 жылдығына байланысты аймақтық жарыста І орын алуы аудандық әдеби өмірге қосылған елеулі үлес ретінде бағаланды. Кәзіргі уақытта Баршатас ауылындағы «Атамекен» жанар-жағармай бекетінің басшысы, халықты жанар-жағармай мен қамтамасыз етіп отыр.
Бадиев Амангали Нургалиулы Бадиев Аманғали Нұрғалиұлы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында 1920 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. 1942-1945 соғыс жылдары Ленинград, Москва түбіндегі шайқасқа қатысқан, Курскідегі соғыста комунистік партия қатарына өтеді. Екі «Қызыл жұлдыз» орденімен, І дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы», «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кейнсбергеті алғаны үшін», Ұлы Женістің 20-25-40 жылдығы, «КСРО қарулы күштерінің 60-70 жыл» медалдарымен марапатталған.
Маршал Рокосовский ерен ерлігі үшін алғыс хатпен, табельді пистолетпен марапатталған. Соғыста барлаушы-радист, ИЛ-2 штурмовигінде атқыш-радист, ауыр артилерияда көздеуші болған. Жеті бірдей жарақат алған. 1945 жылдың күзінде елге оралып Баршатас ауылындағы С.М.Киров атындағы мектепте физика-математика пәнінің мұғәлімі болудан бастады. Ұзақ жылдар жас ұрпаққа сапалы білім бергені үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», төсбелгісімен, «Қазақ ССР-нің еңбек сінірген мектеп мұғәлімі», «Еңбек ардагері», Қазақ ССР президуымының Құрмет грамотасымен марапатталды. Жолдасы Бибіжан екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірді. Барлығым жоғары білімді, семя құрып, әр салада қызмет етуде. ҰОС, партия және еңбек ардагері.

 

Бет өзгертілді: 31-05-2018